FAQ
Қабылдау процессі
Конкурсқа қатысу үшін талапкерге келесі қадамдарды орандау қажет:

1 қадам. Жеке кабинет ашу
Жеке кабинет ашу үшін www.admissions.nu.edu.kz порталында тіркелу. Жеке кабинетіңізде тіркелу нұсқаулығымен міндетті түрде танысып өтіңіз;

2 қадам. Сауалнама нысанын толтыру және қажетті құжаттарды жүктеу
Жеке кабинетте сауалнама нысанын толтыру және қажетті құжаттарды жүктеу:
  1. Жеке куәліктің немесе төлқұжаттың электрондық көшірмесі;
  2. Қосымшасы бар аттестат/диплом немесе үлгі бойынша оқу орнынан берілген анықтаманың сканерленген көшірмесі;
  3. Ағылшын тілінде жазылған Мотивациялық хат;
  4. Қолданыстағы сертификаттардың көшірмесі. Стандартты тестілеу нәтижелері тест Әкімшілігі арқылы Университетке жіберіледі.
3 қадам. Тіркеу жарнасын төлеу
Тіркеу жарнасы банк картасы арқылы жеке кабинетте төленеді.
Тіркеу жарнасы 5000 теңгені құрайды. Бакалавриат бағдарламаларына (Медицина мектебінің (2 жылдық «Медбикелік іс бакалавры» бағдарламасынан басқа) өтінім қабылдаудың бірінші ресми бекітілген соңғы мерзіміне дейінгі екі апта ішінде және/немесе ұзартылған мерзім кезінде тіркелу жарнасының көлемі бекітілген сомадан үш есеге көтеріледі. Тіркеу жарнасының сомасы қайтарылмайды.

4 қадам. Тіркелуді аяқтау
“Submit application” батырмасын басу арқылы тіркелуді аяқтау. Талапкер өтінім нысанын бергеннен кейін өзгерістер енгізілмейді.

5 қадам. IELTS/TOEFL сертификаттарын жүктеу
Жеке кабинетіңізде "Upload IELTS/TOEFL" секциясына IELTS/TOEFL сертификаттарын жүктеп, сертификат туралы қажетті ақпаратты толтырыңыз.

Одан арғы қадамдар
Қабылдау департаментінен ақпарат жіберілетін электронды поштаңызды және өтініміңіздің статусы туралы білгіңіз келсе, жеке кабинетіңізді тексеріңіз.

Тіркелу кезінде қандайда бір қиындықтар болса, info_admissions@nu.edu.kz электрондық поштасына сауалыңызды жіберуіңізге болады. Сауал жіберген кезде, (ҚР азаматтары үшін) ЖСН мен әрбір талапкерге берілетін жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.
Бағдарламаларға қатысты сұрақтар
Басқа сұрақтар