Біз туралы
Басты → Біз туралы
 
Назарбаев Университетінің Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебіне қош келдіңіздер!
Халықаралық танымал, іс жанды оқытушылардың назарын тарту және озақ ғылыми зерттеу жобаларын әрі қарай дамыту - дамушы Мектептің бір мақсаты. Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі бакалавр, магистр және доктор деңгейлерінде геология, тау-кен инжинирингі және мұнай-газ саласындағы академиялық бағдарламаларды ұсынады. Сонымен қатар, жақын арада Геология саласындағы жоғары білім бағдарламаларын кеңейтетін боламыз. Біз болашақ Жер туралы ғылымдар саласындағы көшбасшыларды оқытып, Қазақстан және әлем нарығына пайдалы озық зерттеулер жүргізуге дайындаймыз. Мектепте оқыту мен зерттеуге арналған заманауи зертханалар бар. Мектеп өндірістік шешімдер мен ұлттық активтерді қауіпсіз, үнемді және экологиялық тұрғыдан жауапкершілікпен дамыту үшін индустриямен тығыз ынтымақтастық жасайды. Ал академиялық тұрғыдан Мектеп АҚШ-тағы Колорадо тау-кен ісі мектебімен серіктес.
Сіздерді қазіргі дәрежелі, инновациялық Астана қаласының жүрегінде орналасқан Назарбаев Университетіне шақырамыз.

Құрметпен,

Профессор Рэнди Д. Хазлетт

Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебінің Деканы.

Миссия

Қазақстанның жоғары білім мен ғылым жүйесінде реформаларды жүргізу моделі болу және Астананың инновациялар мен білімнің халықаралық орталығы болып қалыптасуына үлес қосу. Мектептің мақсаты - болашақ Жер туралы ғылымдар саласындағы көшбасшыларды оқыту және Қазақстан,

аймақтар және әлем нарығына дайындау. Сондай-ақ, Жер ресурстарын барлау, өндіру, қалпына келтіру және оны орнықты да экологиялық таза тәсілдер бойынша пайдалануды оқыту және зерттеу жұмыстары арқылы келекшек инженерлердің білімін арттыру.

Тарихы
Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі (Мектеп) 2016 жылы Жер туралы ғылымдар және зерттеудің жетекші мектебі ретінде құрылды. Қазақстан Республикасы пайдалы қазбалардың едәуір қорына ие және бұл мектептің құрылуының басты себептерінің бірі болды. Жақын және орта мерзімді перспективада
табиғи ресурстар Қазақстан экономикасында маңызды рөл атқара береді. Мектеп халықаралық деңгейде табиғи ресурстарды өндірудің сапалы, қауіпсіз, тиімді және экологиялық жауапкершілікті әдістерін дамыту мақсатында бар және жаңа білім мен технологияларды түрлендіру мақсатында құрылды.
2024
2024
Ақпан 14
Ақпан 14
Магистратура бағдарламасы
Жер туралы ғылымдар мамандық бойынша магистратура бағдарламасын іске қосу
2019
2019
Тамыз 12
Тамыз 12
Докторантура бағдарламалары
Тау-кен инжинирингі және Мұнай-газ ісі мамандықтары бойынша докторантура бағдарламаларын іске қосу
Маусым 1
Маусым 1
Алғашқы мектеп бітіру кеші
Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебінің Тау-кен инженериясы магистратура мамандығы бойынша бірінші студенттер тобы бітірді
2018
2018
Тамыз 1
Тамыз 1
Бағдарламаларды іске қосу
Тау-кен инжинирингі, Мұнай-газ ісі, Геология саласындағы бакалавриат және Тау-кен инжинирингі магистратура бағдарламаларын іске қосу
2017
2017
2017
Желтоқсан 1
2017
Желтоқсан 1
“Тау-кен инжиниринг саласындағы ғылым магистрі” іске қосу
“Тау-кен инжиниринг саласындағы ғылым магистрі” бағдарлама бойынша студенттердің бірінші тобы
2016
2016
2016
Желтоқсан 1
2016
Желтоқсан 1
Колорадо тау–кен ісі мектебімен серіктестік, АҚШ
2016
Ақпан 1
2016
Ақпан 1
Негізі
Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі 2016 жылы құрылған

Стратегиялық серіктесі - Колорадо тау–кен ісі мектебі, АҚШ (Colorado School of Mines)
Назарбаев Университетінің (НУ) стратегиялық даму моделі әлемдегі ең үздік университеттер қатарына кіретін жетекші жоғары оқу орындарымен серіктестікке негізделген. Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі Колорадо тау-кен мектебімен ынтымақтаса жұмыс істейді, ол ғылыми-зерттеу қызметі бойынша стратегиялық серіктес болып табылады.
Колорадо тау-кен ісі мектебі (Colorado School of Mines)

Колорадо тау-кен ісі мектебі 1874 жылы құрылған. Жерді және жер ресурстарын жауапты басқаруға бағытталған білім беру және зерттеу бағдарламаларын әзірлеудің арқасында АҚШ-тың ең үздік тау-кен ісі колледждерінің бірі ретінде танымал болды.

Университет Колорадо штатының, сондай-ақ АҚШ-тың басқа да мемлекеттік университеттерінің арасында ең жоғары іріктеу талаптарын қоятын оқу орындарының бірі болып табылады.

Колорадо тау-кен ісі мектебі Payscale.com сайтының “Colleges worth Your Investment” тізімінде инвестициялар тиімділігі бойынша ең үздік университеттердің арасында орын алады. КТІМ 14 мамандық бойынша оқытатын үш колледжден тұрады: Қолданбалы ғылымдар және инженерия колледжі, Инженерия және компьютерлік ғылымдар колледжі, Табиғи ресурстар және Инженерия колледжі.

Студенттердің жалпы саны (2018 жылы оқуға қабылданғандар): 6 170 (Бакалаврлар- 4 908; Магистрлер мен докторанттар- 1 262)
Халықаралық студенттер: 11%
Оқытушы-профессорлар құрамы: 625 адам
Әлемдік университеттер рейтингі:

Times Higher Education рейтингі (2019): 251-300 орын
QS World University Рейтингінде (мамандықтар бойынша) (2019): 1 орын Инженерия ( Mineral & Mining)

Индустриялық серіктестік
Университетпен индустрия арасындағы ынтымақтастық білім мен жаңа технологияны пайдалануымен байланысты болғандықтан, Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі мен жергілікті және халықаралық университеттер, компаниялардың арасындағы серіктестік білім беру жүйесінің аса маңызды бөлігі болып табылады. Бұл серіктестік Мектеп студенттерінің индустрия талаптарына дайын болуына және студенттердің дағдылары мен білімі компаниялардың қоғамда алғыр болуына үлес қосады.
Photo by Leio
Photo by Jacob
Photo by Jacob
Photo by Marion
Photo by Jacob
Photo by Shifaaz
Photo by Mike
Photo by Jason
Photo by Sven
Photo by Ed
Photo by David
Photo by Hal

Бағдармалық Аккредиттеу
NU жоғары академиялық стандарттарға қол жеткізуге тырысады және өзінің бағдарламаларын беделі ең жоғары ұйымдардан аккредиттеуден өтуге басымдық береді.

NU-нің Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар (SMG) меткебінің 3 бағдарламасы Инженерия және технологиялар бойынша аккредиттеу кеңесінің (ABET) аккредитациясына дайындалуда. ABET аккредитациясы бағдарлама түлектерді жаһандық жұмыс күшіндегі STEM маңызды салаларындағы мансапқа дайындау үшін қажетті стандарттарға сәйкес келетініне кепілдік береді.

Бағдарламалар тізімі:
  • Ғылым бакалавры: геология; мұнай-газ ісі; тау-кен ісі (SMG);

Ағымдағы жағдайы: Мектептер бағдарламаларды қайта қарап, оларды ABET аккредиттеу талаптарына сәйкес келтірді, қазіргі уақытта деректерді жинау процесі жүргізілуде.