Медициналық қызмет көрсету
НУ барлық студенттері №10 қалалық емханасында тіркеледі. Аталмыш емханадағы медициналық қызмет студенттерге ақысыз көрсетіледі. №10 емхана студенттерді жылына бір рет міндетті флюорографиялық байқаудан өткізеді.
Медициналық сақтандыру
Қалалық емхана қызметтерінен бөлек НУ студенттері медициналық сақтандыру пакетіне ие. Медициналық сақтандыру шарты медициналық сақтандыру компаниясы мен НУ арасында жасалады. Шарттағы студенттерге көрсетілген медициналық көмек шығындары Университет қаражатынан жабылады. Аталмыш шарт бойынша Университет кампусында 24/7 жұмыс істейтін медициналық кабинет ашық.
Студенттер Университетке түскен айы медициналық сақтандыру карточкасына және сақтандыру бойынша барлық ақпаратқа ие болады.
Медициналық справкалар
Студент аурып сабақтан қалып қойған жағдайда студент Университет кампусындағы медициналық кабинеттегі дәрігерлерге қаралу керек. Дәрігер студентке справка ашып студентті бақылауға алады.
Студент өз қалауымен қаладағы өзге емханада қаралуға да еркін. Алайда өзге медициналық емхана справкасы Университет кампусындағы дәрігерлермен расталуы қажет.
Міндетті медициналық тексеру
Барлық жаңа түскен студенттер міндетті түрде медициналық тексерілуден өтілуі қажет. Аталмыш тексеру медициналық сақтандыру компаниясынан ұсынылып, барлық шығындар Университет тарапынан жабылады. Бұл қызмет абитуриенттердің медициналық тексерілуінен бөлек шара.