Конкурсқа қатысу өтінімін тапсыру үшін үміткерлер келесі қадамдар реттілігін сақтауы қажет:1 – қадам. Жеке кабинет ашуAdmissions.nu.edu.kz порталында
«Тіркелу» батырмасын басып, тіркелу терезесінде қажетті ақпаратты ағылшын тілінде енгізіңіз. «Академиялық дәреже» бөлімінде «Магистратура/Резидентура» бағдарламасын таңдау кажет.
Тіркелуді аяқтағаннан кейін Сіздің электрондық поштаңызға жіберілген авторизация сілтемесі арқылы тіркелуді растаңыз.
Жеке кабинетіңізде өтінім тапсыру нұсқаулығымен міндетті түрде танысып өтіңіз.
2 – қадам. Сауалнама нысанын толтыруЖеке кабинеттің «My Application Forms» бөлімінде
Step 1 сілтемесін ашыңыз. Application Form сауалнама нысанын онлайн толтырыңыз және онлайн нысанға сәйкес дербес деректерді өңдеуге келісіміңізді беріңіз. Сауалнаманың барлық сұрақтарына жауап бергеннен кейін жеке ақпаратты тексеріп, «Upload» батырмасын басыңыз.
3 – қадам. Қажетті құжаттарды тапсыруСауалнама нысанын толтырғаннан кейін,
Step 2 бөлімінде қажетті құжаттарды жүктеу қажет.
Қажетті құжаттардың форматы Жеке кабинетте көрсетілген.
Жеке кабинеттің «Profile» бөліміне құжаттарға арналған 3*4 форматындағы фотоны жүктеңіз.
4 – қадам. Тіркелу жарнасын төлеуТіркелу жарнасы Жеке кабинеттің «My Application Forms» бөлімінде банк картасы арқылы онлайн түрде төленеді.
Тіркелу жарнасы 5 000 теңгені (ерекшелік - Жоғары бизнес мектебі) құрайды. Тіркелу жарнасы өтінімдерді қабылдаудың бірінші ресми бекітілген мерзімге дейін соңғы екі апта ішінде және/немесе өтінімдерді қабылдауды ұзарту кезеңінде төленген жағдайда төленетін сомадан 3 есе артады. Бұл сома қайтарылмайды.
Банк арқылы қаражат аударылатын төлем қабылданбайды. Үміткерлер Назарбаев Университетінің 2-ден артық магистратура / докторантура бағдарламаларына өтініш бере алмайды. Осыған байланысты 2 реттен артық төлем жасамауды сұраймыз.
Екі бағдарламаға қабылданған жағдайда үміткер тек бір бағдарламаны таңдауы тиіс.
Жеке банк картасы жоқ үміткер басқа адамның картасын пайдалана алады.
5 – қадам. Өтініш беруді аяқтауЖоғарыда көрсетілген іс-әрекеттер жасалғаннан кейін міндетті түрде
«PAY AND SUBMIT APPLICATION» батырмасын басыңыз. Осы кезде өтінім аяқталған болып есептеледі.
Өтінім аяқталғаннан кейін сауалнама нысанына және жүктелген құжаттарға өзгерістер енгізу мүмкін емес.
Студенттерді оқуға қабылдау департаментінің қызметкерлері Сіздің өтініміңіз бен құжаттарыңызды тексереді және, қажет болған жағдайда, Сізге электрондық поштаңызға қандай құжаттарды және қай күнге дейін түзету керектігін хабарлайды. Толық емес және қате толтырылған (түзетілмеген) өтінімдер конкурста қарастырылмайды.
6 - қадам. IELTS/ TOEFL сертификатын ұсынуҮміткерлер IELTS/TOEFL сертификаттарын тапсыру үшін келесі талаптарды орындау қажет:
- IELTS/TOEFL жарамды сертификаттың ресми электрондық нұсқасы Тест әкімшісі арқылы тікелей Назарбаев Университетіне жіберу;
- Сертификаттың сканерленген көшірмесін жүктеу және оның деректерін Жеке кабинеттің «Upload IELTS/TOEFL results» бөліміне енгізу қажет. Конкурсқа қатысу үшін сертификаттың кез-келген санын тапсыруға болады, бірақ іріктеуде Жеке кабинетке соңғы болып жүктелген сертификат қарастырылады.
Тест әкімшісі немесе Тест орталығы арқылы тест нәтижелерін тапсыру үшін кодтар туралы маңызды ақпаратқа назар аударыңыз:
- IELTS үшін код: Nazarbayev University
- TOEFL iBT үшін код: 6762
- GRE үшін код: 6496
- GMAT үшін код: H6m-R7-93
IELTS/TOEFL сертификатын ұсыну бойынша
толық нұсқаулық үміткерлердің жеке кабинетінде қолжетімді.
IELTS Online, TOEFL iBT Home Edition и TOEFL PDT нәтижелері байқауда қарастырылмайды.
Ұсынылған барлық сертификаттар құжаттарды тапсыру кезінде жарамды болуы керек.
IELTS/TOEFL сертификаттарының Назарбаев Университетінің электрондық базасына енгізу Университет құзыретіне кірмейді. Сіз Тест орталығына өзіңіз хабарласып, кажетті сертификаттың жіберілгендігіне көз жеткізуіңіз қажет. Бұл әрекет кем дегенде 7-10 жұмыс күнін алатынын ескертеміз. Егер сертификат Студенттерді оқуға қабылдау департаменті белгілеген мерзімінен кеш келсе, нәтижелер конкурста қарастырылмайды.
Yміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен, ресми түрдегі расталған анықтаманы жүктеп, мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:
- ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда;
- ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда;
- үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылса.
Келесі қадамдарСіздің ұсынушыларыңызға электрондық пошта мекенжайларына жіберілген электрондық нысанға сәйкес Назарбаев Университетіне ұсыным хаттарды ұсыну туралы электрондық пошта арқылы автоматты хабарлама жіберіледі.
Сіздің өтініміңіздің статусы туралы білу үшін жеке кабинетіңізден қараңыз және Назарбаев Университетінің хабарламаларын электрондық поштаңыздан тексеріңіз. Кейбір жағдайларда Университет хабарламалары спам жәшігінде болуы мүмкін екендігін есте сақтаңыз.
Сұхбатқа шақырылған жағдайда Қабылдау комиссиясымен сұхбаттан өтіңіз. Сұхбат ағылшын тілінде өтеді.