Бұл цифрлық фотография курсы аясында студенттер камералар мен объективтердің түрлерін, камерамен, оның ішінде смартфонмен дұрыс жұмыс істеуді, камераның әртүрлі баптауларын (ISO, ұсталым, диафрагма және т.б.) түсінуді және толық пайдалануды үйренеді. Студенттер табиғи және жасанды жарықпен жұмыс істеуді меңгереді, түстер, композиция және жоғары сапалы суреттерді алу принциптерімен танысады, соның ішінде: макрообъектив көмегімен минералдардың, қазбалардың, жыныстардың бейнелерін түсіру, микроскоп астында, сондай-ақ ашық ауада – карьерлерде немесе таулы аймақтарда түсірілім жасау. Студенттер Adobe Lightroom (Adobe Photoshop, Illustrator, InDesign) бағдарламаларында кескіндерді өңдеуді, сурет сапасын түзетуді және, мысалы, панорамалар жасау үшін фотосуреттерді біріктіруді үйренеді. Сонымен қатар, түрлі түстік модельдермен (RGB, CMYK және т.б.), файл форматтарымен (GIF, JPEG, TIFF, RAW және т.б.), кескіндерді көшіру және мәтіндік процессорларға енгізу, PDF форматында сақтау, түрлі түсті принтерде басып шығару немесе проектор арқылы көрсету кезінде сапаның жоғалуымен (мысалы, ажыратымдылықтың немесе түстің өзгеруі) танысады. Сондай-ақ студенттер фотографиядағы плагиат пен авторлық құқық мәселелерін, жеке немесе қоғамдық деректер базаларында кескіндерді тегтеу мен ұйымдастыруды, сондай-ақ презентациялар мен жарияланымдар үшін фотосуреттерді дайындауды зерделейді.
Курс бойынша оқыту нәтижелері
1. Геоғылымдар саласына сәйкес цифрлық бейімдеудің тұжырымдамалық сызбасын ұсыну (C5).
2. Геоғылымдарда заманауи технологияларды пайдалана отырып, кескіндерді цифрлық өңдеуді орындау (P4).
3. Цифрлық фотография мен кескіндерді талдауды геоғылымдардың міндеттеріне бейімдеу (P6).
4. Жоғары сапалы жаңа геоғылымдық фотосуреттерді түсіндіре отырып, аудиторияға ұсыну (C6).