Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі (Мектеп) - студенттерге адалдығы және озық зерттеулері үшін халықаралық деңгейде мойындалған арнайы оқытушылар құрамы бар өсіп келе жатқан мекеме. Мектепте Геология, Тау-кен инжинирингі және Мұнай-газ ісі мамандықтары бойынша бакалавриат бағдарламалары, сондай-ақ геологияны кеңейтуді жоспарларында бар. Тау-кен инжинирингі және Мұнай-газ ісі бойынша магистратура мен докторантура бағдарламаларын ұсынады. Мектептің мақсаты - болашақ Жер туралы ғылымдар саласындағы көшбасшыларды оқыту және Қазақстан, аймақтар және әлем нарығына дайындау. Мектеп өндірістік шешімдер мен ұлттық активтерді қауіпсіз, үнемді және экологиялық тұрғыдан жауапкершілікпен дамыту үшін индустриямен тығыз ынтымақтастық жасайды. Ал академиялық тұрғыдан Мектеп АҚШ-тағы Колорадо тау-кен ісі мектебімен серіктес.
Геологтар жердегі процестерді және пайдалы қазбаларды зерттейтін сонымен қатар тау-кен әдістерін жасайтын мамандар. Геологтар тау-кен ісі, қоршаған ортаны қорғау және тау-кен жұмыстарынан кейін жерді қалпына келтіру саласында жұмыс істейді.
Тау-кен инженерлері тау-кен компанияларында жұмыс істейді. Тау-кен инженерлері кеніштен пайдалы қазбаларды өндіруді және тасымалдауды қамтитын тау-кен жұмыстарын ұйымдастыруға және басқаруға жауапты.
Мұнай-газ ісі - бұл мұнай мен табиғи газды барлау және өндірумен айналысатын инженерия саласы. Мұнай инженерлері мұнай және газ қабаттарынан көмірсутегі ресурстарын өндіруге жауапты. Мұнай инженерлері белгілі бір ұңғымадан мұнай мен табиғи газды бұрғылау және алудың ең жақсы әдісін анықтайды.
Жер туралы ғылымдар саласындағы докторантура бағдарламасы геоғылым саласында өнеркәсіпте және/немесе академиялық ортада зерттеу мансабын жоспарлаған тұлғаларға эксперттік деңгейдегі озық дағдылар мен тереңдетілген білім беруге бағытталған.
Тау-кен инжинирингі саласындағы докторантура бағдарламасы "Тау-кен инжинирингі" пәнінің кез келген саласында академиялық, өнеркәсіптік және зерттеу мекемелерінде мансабын жоспарлайтын тұлғаларға озық дағдылар мен сараптамалық деңгейдегі күрделі білім базасын оқытуға арналған.
Тау-кен инжинирингі саласындағы докторантура бағдарламасы пәнінің кез-келген бөлімінде академиялық, өнеркәсіптік және ғылыми-зерттеу саласында мансапты жоспарлайтын адамдар үшін, жоғары деңгейлі білімдер мен терең білім базасын ұсынуға арналған.