Nazarbayev University
Graduate School of Education

School of Mining & Geosciences

Жиі қойылатын сұрақтар

Жиі қойылатын сұрақтар

Қабылдау процессі

Бакалавриат бағдарламасына қабылдау процесі қандай?

Егер тіркеу кезінде қандай да бір мәселер орын алса +7 7172 706689 нөмірі бойынша немесе dtukayeva@nu.edu.kz электрондық поштасы бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

Оқуға түсу үшін келесі қадамдарды іске асыру қажет:

1 қадам.

Жеке кабинет ашу

www.admissions.nu.edu.kz  жеке кабинеттегі “My Application Forms” бөліміндегі онлайн сауалнамаға кіресіз.
2 қадам.

Өтініш нысанасын толтыру және қажетті құжаттарды жүктеу

Аппликациялық нысанды толтырыңыз және қажетті құжаттарды жүктеңіз:

  1. Жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесін.
  2. Қосымшасы бар аттестаттың немесе оқу орнынан ағымдағы/алдын бағалары бар анықтаманың  сканерленген көшірмелері
  3. Дербес деректерді өңдеуге қол қойылған және сканерленген келісім (үлгіге сәйкес)
  4. Уәждеме хат
  5. IELTS немесе TOEFL сертификатының көшірмесі
  6. SAT, ACT және т.б. сертификаттарының көшірмелері.
3 қадам.

Тіркеу жарнасын төлеу

Тіркеу жарнасын онлайн/интернет транзакция жасауға арналған төлеу банк картасы арқылы жеке кабинетте төленеді.  ҚР резиденттері үшін тіркеу жарнасы   5000 теңге, ал ҚР резиденттері еместер  үшін 14 000 теңгені құрайды. Тіркеу жарнасының сомасы қайтарылмайды.
Одан арғы қадамдар Қабылдау департаментінен ақпарат жіберілетін электронды поштаңызды және өтінішіңіздің жағдайы туралы білгіңіз келсе, жеке кабинетіңізді тексеріңіз.
Магистратура бағдарламасына қабылдау процесі қадай?
Егер тіркеу кезінде қандай да бір мәселер орын алса +7 7172 706689 нөмірі бойынша немесе dtukayeva@nu.edu.kz электрондық поштасы бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.
1 қадам Регистрация, онлайн құжаттарды тапсыру жүйесі арқылы сауалнама-өтінішті толтырып өткізу
2 қадам Қабылдау комиссиясының үміткер құжатын қабылдауы және интервью өткізуі
3 қадам Оқуға қабылдау ұсынысын және құжаттардың түпнұсқасын тапсыру
4 қадам Тіркелу
Бакалавриат бағдарламасына қабылдану үшін қандай емтихандарды тапсыру қажет?
Талаптар туралы білу үшін мында басыңыз
Магистратура бағдарламасына қабылдану үшін қандай емтихандарды тапсыру қажет?
Талаптар туралы білу үшін мында басыңыз
Құжаттарды тапсыру мерзімі қандай?
  1. Бакалавриат бағдарламаларына – 15 Сәуір 2019
  2. Магистратура бағдарламаларына – 30 Сәуір 2019
Оқуға түсу кезіндегі тіркелу жарнасы қандай?

Бакалавриат деңгейіне:

  1. Қазақстан Республикасы азаматтары үшін – 5000 теңге
  2. Шетел азаматтары үшін– 14 000 теңге

Магистратура деңгейіне:

  1. Қазақстан Республикасы азаматтары үшін – 10 000 теңге
  2. Шетел азаматтары үшін –  28 000 теңге

* Тіркелу жарнасы қайтарылмайды

Бағдарламаларға қатысты сұрақтар

Бакалавриат бағдарламалары бойынша оқу ақысы қандай?

Бакалавриат бағдарламасы бойынша білім алу «Назарбаев Университеті» ДБҰ мемлекеттік білім беру гранты, өзге де гранттар мен стипендиялар негізінде, сондай-ақ ақылы негізде жүзеге асырылады. Университет мектептеріне бакалавриат бағдарламасына түсу Университетте бірінші және/немесе екінші оқу жылында бос орындарға конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Магистратура бағдарламалары бойынша оқу ақысы қандай?

Магистратура бағдарламасы бойынша білім алу «Назарбаев Университеті» ДБҰ мемлекеттік білім беру гранты, өзге де гранттар мен стипендиялар негізінде, сондай-ақ ақылы негізде жүзеге асырылады. Университет мектептеріне бакалавриат бағдарламасына түсу Университетте бірінші және/немесе екінші оқу жылында бос орындарға конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебінде оқыту қай тілде жүргізіледі?

Оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі.

NUFYP дегеніміз не?

NUFYP (Nazarbayev University Foundation Year Program) – Назарбаев Университеті Дайындық мектебінің интенсивті 1 жылдық бағдарламасы. Бұл курс шеңберінде тыңдаушылар бакалавриат бағдарламасына академиялық, ғылыми және тілдік дайындықтан өткізіледі. Оқыту Назарбаев Университетінің Дайындық мектебінде өткізіледі. Білім алу ҚР мемлекеттік қаражаты есебінен іске асыралатын “Назарбаев Университеті” гранты шеңберінде және ақылы түрде болуы мүмкін. Университет алдындағы Дайындық бағдарламасын аяқтау нәтижесінде Назарбаев Университетінің мектептері студенттерді бакалавриат бағдарламаларына одан әрі білім алуға қабылдайды.

NUZYP дегеніміз не?

«Магистратура бағдарламаларының дайындық жылы» бағдарламасы – Назарбаев Университеті Мектептерінің магистратура бағдарламаларына тікелей түсуге қойылатын тілдік талаптарға сәйкес келмейтін әлеуетті студенттерге арналған интенсивті ағылшын тілі мен басқа да пәндік курстарды қамтитын екі семестрлік күндізгі бағдарлама.

Оқу кезінде тәжірибелік жұмыс (тағылымдама) болады ма?

Иә, оқу бағдарламалары оқу үдерісінің бөлігі ретінде тәжірибеден өту мүмкіндігін қамтиды.

Магистратура бағдарламасына түсу үшін жұмыс тәжірибесі қажет пе?

Жоқ, бұл міндетті емес. Алайда, жалпы GPA көрсеткіші 2.75 төмен болған жағдайда, 2 жыл техникалық тәжірибесі болуы қажет

Назарбаев Университеті өз түлектерінің жұмысқа орналасуына қандай көмек көрсетеді?

Назарбаев Университетінде студенттерді еңбекке дайындау мен кәсіби дамытуға, сондай-ақ оқу кезеңі ішінде студенттік практиканы ұйымдастыру, Университетте жұмыс берушілердің презентациясы мен Кәсіби даму бағдарламасын, экскурсияларды, вакансиялар жәрмеңкесін өткізу арқылы түлектерді жұмысқа орналастыруға бағытталған Студенттерді кәсіби бейімдеу және дамыту орталығы (СКБДО) құрылды.

Бакалавриат бағдарламасының ұзақтығы қандай?

Бакалавр дәрежесін алу үшін студенттерге 4 жылдың ішінде 120 кредит санын жинау қажет.

Магистратура бағдарламасының ұзақтығы қандай?

Магистр дәрежесін алу үшін студенттерге 2 жылдың ішінде 120 кредит санын жинау қажет.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Мектеп қандай мүмкіндіктер ұсынады

Назарбаев Университетінің Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебі жергілікті университеттердің студенттерін қабылдауға, ғалымдар Мектеп зертханаларында тәжірибе өткізуіне және өзге оқытушылар дәрістер өткізуіне дайын.

Шетелде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Мектеп қандай мүмкіндіктер ұсынады?

Академиялық бағдарламалар елден тыс курстардан өтуді талап етпейді.

Мектептің профессорлық-оқытушылық құрамы қандай?

Мектепте 11 оқытушы-профессорлар бар. Олар Канада, Ұлыбритания, Гана, Қытай, Түркия, Иран, Пәкістан, Бельгия және АҚШ-тың өкілдері болып табылады.

Басқа сұрақтар

Жергілікті студенттерге грант беріледі ме?

Беріледі. Білім алу «Назарбаев Университеті» ДБҰ мемлекеттік білім беру гранты, өзге де гранттар мен стипендиялар негізінде, сондай-ақ ақылы негізде жүзеге асырылады. «Назарбаев Университеті» ДБҰ мемлекеттік білім беру гранты оқу үдерісіне қатысты шығындарды қамтиды.

Шетел студенттерге грант беріледі ме?

Ия, шетел студенттерге арналған грант нұсқалары бар. Негізгі талап - құжжатар тапсыру процесінде үздік академиялық көрсеткіштерге ие болу (негіздеме хат, GPA, ұсыным хат және сұхбат)

Жатақханада тұру жағдайы қандай?

Назарбаев Университеті өз студенттерінің жайлы жағдайда тұруы мен сабаққа дайындалуы үшін барлық қолайлы жағдайларды жасап отыр. Бөлмелер 2-4 адамға арналған және барлық қажетті заттармен жабдықталған.

Оқу барысында стипендия беріледі ме?

«Назарбаев Университеті» ДБҰ мемлекеттік білім беру гранты оқу үдерісіне қатысты шығындарды қамтиды. Бакалавр дәрежесіндегі студенттері үшін стипендия мөлшері студенттердің академиялық үлгеріміне негізделген - GPA. Магистранттар үшін айына 100000 теңге.