Nazarbayev University
School of Mining & Geosciences

School of Mining & Geosciences

Құжаттарды тапсыру

«Тау-кен инжинирингі саласындағы ғылым магистрі» және «Мұнай-газ ісі саласындағы ғылым магистрі» бағдарламаларына (бұдан әрі – Магистратура бағдарламалары) түсу талаптары:

1) тиісті пән бойынша базалық жоғары білімі (бакалавр дәрежесі немесе баламасы) және (егер қолданылса) жоғары оқу орнынан кейінгі дәрежесі ең төменгі CGPA 4.00-ден кемінде 2.75 немесе кемінде 2 (екі) жыл тиісті жұмыс тәжірибесі бар мамандар үшін ең төменгі CGPA 4.00-ден кемінде 2.5;

2) магистратура бағдарламаларына түсу үшін ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелеріне қойылатын ең төменгі талаптар: IELTS тестінің жалпы балы – 6.5 және секциялар бойынша балл кемінде 6,0-ден кем емес (тек бір секция бойынша 5.0 балл рұқсат етіледі) немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің баламалы нәтижесі*;

3) магистратураның Дайындық жылының бағдарламасына түсу үшін ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелеріне қойылатын ең төменгі талаптар: IELTS бойынша жалпы балл және секциялар бойынша балл 5,5-тен кем емес (тек бір секция бойынша 5.0 балл рұқсат етіледі) немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің баламалы нәтижесі («Home edition»- нан басқа);

4) GRE немесе GMAT тестінде көрсетілген күшті оқу дағдылары, аналитикалық және математикалық дағдылар (міндетті емес)**;

5) Магистратура бағдарламаларына түсу үшін негіздеме хатта сипатталған Бағдарламаға деген жоғары уәждеме және қызығушылық; 

6) түйіндеме (2 парақтан артық емес);

7) 2 (екі) құпия ұсыным хат.

*Магистратура бағдарламаларына түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімі бойынша ағылшын тілінен тестілеу нәтижелерін ұсынудан мынадай жағдайлардың бірінде босатылуы мүмкін: алдыңғы академиялық дәрежені ағылшын тілі ресми қарым-қатынас, оқу және күнделікті өмір тілі болып табылатын елде алған болса; ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқу қорытындысында бакалавр немесе магистр дәрежесін алған болса. Үміткерлер оқыту тілі іс жүзінде ағылшын тілі болғанын растайтын ресми құжатты ұсынулары тиіс; үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болса.

**GRE немесе GMAT тестінің нәтижесінің бар болуы қабылдау үшін міндетті талап болмаса да, үміткер GRE немесе GMAT бойынша бәсекеге қабілетті нәтиже беру арқылы құжаттар пакетін күшейте алады.

 Онлайн-өтініш беруге арналған құжаттар тізімі:

1) толтырылған сауалнама-өтініш;

2) жеке куәліктің немесе төлқұжаттың сканерленген көшірмесі;

3) атының немесе тегінің өзгергенін растайтын ресми құжаттың сканерленген көшірмесі (егер қолданылса);

4) транскрипттері бар дипломдардың/сертификаттардың сканерленген көшірмесі (Қазақстанның жоғары оқу орындарынан алынған диплом/сертификат және оған қосымша нотариалды куәландырылған болуы қажет);

5) онлайн құжаттарды тапсырған күні жарамды тестілеу әкімшісінен жіберілген IELTS немесе TOEFL IBT (Home edition-нен басқа) ресми электронды нұсқасы және оның сканерленген көшірмесі. Үміткер тестілеуге тіркелу кезінде Назарбаев Университетін алушы ретінде көрсетуі керек. Үміткер тестілеуден ертерек өткен болса, тестілеу орталығына хабарласып, алушы ретінде Назарбаев Университетін көрсете алады;

6) ағылшын тілінде оқығанын растайтын ресми құжаттың сканерленген көшірмесі (ағылшын тілінде оқыту бағдарламасы бойынша академиялық дәреже алған және IELTS немесе TOEFL («Home edition»-нан басқа) нәтижелерін ұсынудан босатуды қалайтын үміткерлер үшін);

7) Магистратура бағдарламаларына құжаттарды онлайн тапсыру сәтінде жарамды GMAT немесе GRE тестін тапсырғаны туралы сертификаттың электрондық нұсқасы (бар болса);

8) түйіндеменің сканерленген көшірмесі (A4 форматындағы 2 парақтан артық емес);

9) негіздеме хат (1 парақтан артық емес);

10) екі ұсыным хат (ұсынымды электрондық форматта немесе қағаз тасымалдағышта ұсынған тұлғалар ұсынады).

ЕСКЕРТУ:

Үміткерлер конкурстың келесі кезеңіне өткен жағдайда, жеке куәлігінің немесе паспортының, дипломының және транскриптің нотариалды куәландырылған көшірмесін және қалған құжаттардың түпнұсқасын тапсыруы қажет.

Дипломдарды/сертификаттарды шетелдік білім беру мекемелерінде алған үміткерлер, тиісті оқу орны ресми транскрипттерді тікелей келесі мекен жайға жіберуге тиіс: Нұр-Сұлтан қ., 010000, Қабанбай батыр даңғылы 53, Назарбаев Университеті, Қабылдау департаменті.

Тиісті бағдарламаны таңдағаннан кейін, сауалнама-өтінішті толтырып, қажетті құжаттарды тіркеп, бағдарламаға түсуге электронды турде өтініш бере аласыз. 

2022 жылы докторантураға түсу үшін онлайн тіркелу мерзімі:

Шетелдік үміткерлер үшін  2022 жылдың 28 ақпанға дейін;

Жергілікті үміткерлер үшін 2022 жылдың 18 сәуірге дейін.

Load More... Follow Us on Instagram