Nazarbayev University
School of Mining & Geosciences

School of Mining & Geosciences

Құжаттарды тапсыру

Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебіне «Тау-кен инжинирингі саласындағы докторантура», «Мұнай-газ ісі саласындағы докторантура» бағдарламаларына (бұдан әрі  – Бағдарлама) түсетін үміткерлерде мыналардың болуы күтілуде:

1) бакалавр дәрежесі (бакалавр дәрежесі немесе баламасы) және тиісті пәннен магистр дәрежесі (цикл-2). Соңғы курстағы студенттер өтінімдерді беру кезеңі ішінде ресми ағымдағы транскриптерді қарауға ұсынуы мүмкін.

2) ең төменгі CGPA 4,00-ден 2,75 немесе магистр дәрежесімен балама;

3) ағылшын тілін меңгерудің талап етілетін деңгейі;

4) GRE немесе GMAT тестісімен расталған (опциялық) оқу дағдыларының, талдамалық ойлаудың және математикалық дағдылардың жоғары деңгейі. GRE немесе GMAT ресми балы міндетті талап болып табылмаса да, GRE немесе GMAT бәсекелес балы үміткердің өтінім деңгейін арттыруы мүмкін;

5) докторантура бағдарламасына оқуға түсуге арналған негіздеме-хатта көрсетілген жоғары уәждеу және бағдарламаға қызығушылық (А4 1-парағынан аспауы тиіс);

6) түйіндеме;

7) 2 (екі) ұсыным хат.

Ағылшын тілін меңгерудің талап етілетін деңгейі:

1) ағылшын тілін меңгерудің талап етілетін ең төменгі деңгейі – жалпы балл IELTS 6,5 (бөлімдердің әр қайсысы бойынша 6,0-ден кем емес) немесе ETS сайтында жарияланған TOEFL балама балы;

2) Бағдарламаға оқуға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімі бойынша келесі жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:

  • ағылшын тілі ресми қарым-қатынас, білім беру және күнделікті тұрмыстағы тіл болып табылатын елде академиялық дәреже алса;
  • ағылшын тілінде ресми оқытылған бағдарлама бойынша бакалавр немесе магистр дәрежесін алса. Үміткерлер оқыту тілі шынында да ағылшын тілінде болғанын растайтын ресми құжат ұсынуы тиіс;
  • егер үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылса.

Бағдарламаға оқуға түсуге арналған құжаттар бойынша чек парақ:

1) өтінімнің толтырылған нысаны;

2) жеке куәлігінің немесе паспортының нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

3) атының өзгергенін растайтын ресми құжат (қолдануға жарамды болса);

4) транскриптері бар дипломның / сертификаттардың нотариальдық куәландырылған ағылшын тіліндегі көшірмесі;

5) Тестілеу әкімшісінен күші бар IELTS немесе TOEFL сертификаты балдары берілгені туралы ресми электрондық есеп. Бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру сәтінде күші бар IELTS немесе TOEFL сертификаты (қолдануға жарамды болса). Үміткер тестіден өтуді тіркеу кезінде алушы ретінде Назарбаев Университетін көрсетуі тиіс. Егер үміткер тестіден алдын ала өткен болса, онда ол тестілеу орталығына өтініш жасап Назарбаев Университетін алушы ретінде көрсетеді. Үміткерлер тест Әкімшісінен IELTS немесе TOEFL IBT қолданыстағы сертификатының балдарын беру туралы ресми электрондық есепті немесе оның сканерленген көшірмесін ұсынуы мүмкін;

6) Ағылшын тілі оқыту тілі болғанын растайтын құжат (IELTS немесе TOEFL сертификаттарын ұсыну қажеттілігінен босатуға арналған сұрату болған кезде ағылшын тілінде оқытуға арналған бағдарлама бойынша білім беру негізінде дәреже алған үміткерлер үшін ғана);

7) Бағдарламаға құжаттарды онлайн режимде тапсыру күнінде күші бар GMAT немесе GRE сертификатымен ресми электрондық есеп (қолдануға жарамды болса). Үміткер тестіден өтуді тіркеу кезінде алушы ретінде Назарбаев Университетін көрсетуі тиіс. Егер үміткер тестіден алдын ала өткен болса, онда ол тестілеу орталығына өтініш жасап Назарбаев Университетін алушы ретінде көрсетеді. Үміткерлер тест Әкімшісінен IELTS немесе TOEFL IBT қолданыстағы сертификатының балдарын беру туралы ресми электрондық есепті немесе оның сканерленген көшірмесін ұсынуы мүмкін;

8) түйіндеме;

9) жоғары оқу орнынан кейінгі оқытуға арналған негіздеме-хат (А4 1 парағынан аспауы тиіс);

10) соңғы 12 ай ішінде жазылған ағылшын тіліндегі (немесе нотариалдық куәландырылған ағылшын тіліне аудармасымен) екі ұсыным хат (ұсыным беретін тұлғалар электрондық немесе қағаз нысанда ұсынады).

 
Load More... Follow Us on Instagram