>
Nazarbayev University
Graduate School of Education

School of Mining & Geosciences

Құжаттарды тапсыру

Бакалавриат бағдарламасының талапкерлеріне хабарландыру

COVID-19 коронавирустық инфекция пандемиясы себебінен халықаралық стандартталған тесттердің өткізілуі тоқтатылғандығына байланысты Назарбаев Университетінің Қабылдау комиссиясы 2020-2021 оқу жылына арналған конкурс аясында келесі шешімдерді қабылдады:

1) ең төменгі өту балы бар SAT/ACT сертификаттарын тапсыруға мүмкіндігі жоқ талапкерлерге ALEKS PPL тестісін өткізу. Назарбаев Университетінің талапкерлері ALEKS PPL тестісін тек белгіленген күндері тапсыруы тиіс. Бұл ақпарат талапкерлерге нұсқаулықпен бірге жіберілетін болады. ALEKS PPL тестісі мерзімдері туралы ақпарат және нұсқаулық алу үшін Университет сайтындағы жаңалықтарды қадағалауды және электронды пошталарыңызды тексеруді сұраймыз.

2) IELTS/TOEFL тестілерін тапсыру мүмкіндігі жоқ талапкерлерден Duolingo English Test балама емтихан нәтижелерін қабылдау. Бұл емтихан нәтижелері Назарбаев Университеті Қабылдау департаментіне 2020 жылдың 31 мамырына дейін жіберілуі тиіс. Бакалавриат бағдрламасының талапкерлері үшін Duolingo English Test емтиханынан ең төменгі балл - 105. Назар аударыңыздар, нәтижелер undergraduate_admissions@nu.edu.kz электрондық поштасына жіберілуі тиіс.

Duolingo English Test туралы ақпарат:

3) IB DP санаты бойынша тапсырған талапкерлерді білім беру ұйымдарымен расталған алдын ала бағалау бойынша, ең төменгі жалпы балл 33-тен кем емес және ілгері деңгейдегі үш пән бойынша 5,5,5-тен төмен емес баллдары бойынша қарастыру.

*Ең төменгі талаптарға сай келетін IELTS / TOEFL, SAT / ACT сертификаттары бар талапкерлер келесі қадамдtestарды орындау арқылы нәтижелерді 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін тапсыруы керек екендігін ескертеміз:

  • Тест Орталығы арқылы Назарбаев Университетіне тікелей ресми электронды нәтижелерді жіберу;
  •  Егер сіз тіркеуді аяқтамаған болсаңыз, қажетті мәліметтерді көрсете отырып, жеке кабинетке сертификаттардың сканерленген көшірмелерін жүктеу тиіс;

 Егер сіз тіркеуді аяқтап, бірақ сертификаттардың сканерленген көшірмелерін жеке кабинетке жүктемесеңіз, оларды undergraduate_admissions@nu.edu.kz электронды поштасына жіберу тиіс.

________________________________________________________________________________________________________________________

Бакалавриат  бағдарламаларына түсуге конкурсқа қатысу үшін ұсынатын құжаттар:

  • IELTS –  жалпы баллы 6.5  кем емес (әр секцияда кемінде 6.0) немесе TOEFL iBT - 79 немесе TOEFL PBT* - 574;
  • SAT пәндік тест -  Математика және физика бойынша кемінде  600 әр пән бойынша;
  • SAT Reasoning тест with Essay- 1240. Жазбаша бөлімі міндетті, минималды балл белгіленбейді 
    НЕМЕСЕ
  • ACT with writing part  - жалпы балл кемінде 27. Жазбаша бөлімі үшін  төменгі балл белгіленбейді

NIS Grade 12 Certificate* иегерлері – түлектері үшін ең төменгі талаптар:

  • Үш пәннен кем дегенде ABB

IВ Diploma бағдарламасының түлектері мен оқушылары үшін ең төменгі талаптар:

  • жалпы балл 30 және 4, 4, 5 балл ілгері деңгейдегі 3 пән бойынша

Оқуға түсу үшін келесі қадамдарды іске асыру қажет:

1 қадам.

Жеке кабинет ашу

 

www.admissions.nu.edu.kz  жеке кабинеттегі “My Application Forms” бөліміндегі онлайн сауалнамаға кіресіз.

2 қадам.

Өтініш нысанасын толтыру және қажетті құжаттарды жүктеу

Аппликациялық нысанды толтырыңыз және қажетті құжаттарды жүктеңіз:

1.   Жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесін.

2.   Қосымшасы бар аттестаттың немесе оқу орнынан ағымдағы/алдын бағалары бар анықтаманың  сканерленген көшірмелері

3.   Дербес деректерді өңдеуге қол қойылған және сканерленген келісім (үлгіге сәйкес)

4.   Уәждеме хат

5.   IELTS немесе TOEFL сертификатының көшірмесі

6.   SAT, ACT және т.б. сертификаттарының көшірмелері. 

3 қадам.

Тіркеу жарнасын төлеу

Тіркеу жарнасын онлайн/интернет транзакция жасауға арналған төлеу банк картасы арқылы жеке кабинетте төленеді.

ҚР резиденттері үшін тіркеу жарнасы 5000 теңге, ал ҚР резиденттері еместер үшін 14 000 теңгені құрайды.

Тіркеу жарнасының сомасы қайтарылмайды.

Одан арғы қадамдар Қабылдау департаментінен ақпарат жіберілетін электронды поштаңызды және өтінішіңіздің жағдайы туралы білгіңіз келсе, жеке кабинетіңізді тексеріңіз.