>
Nazarbayev University
Graduate School of Education

School of Mining & Geosciences

Құжаттарды тапсыру

«Тау-кен инжинирингі» немесе «Мұнай-газ ісі»  саласындағы ғылым магистрі  бағдарламаларына түсуге конкурсқа қатысу үшін ұсынатын құжаттар:

  •  Тау-кен ісі саласындағы немесе басқа сәйкес саладағы бакалавр дәрежесі (немесе баламасы) болуы тиіс. Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері Қабылдау комиссиясының қарастырылуына ағымдағы транскриптті ұсына алады;
  • CGPA 2,75 төмен емес (4,0-ден) немесе мамандыққа тиісті тәжірибесі 2 жылдан кем емес тау-кен ісі мамандарына CGPA 2,5 төмен (4,0-ден) болмауы тиіс;
  • Ағылшын тілін меңгерудің еркін деңгейі. Бағдарламаға түсу үшін ағылшын тілінің тестілеу нәтижелері бойынша ең төменгі талаптары:
    • IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.5 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы;
    • Магистратура бағдарламаларының дайындық жылына (NUZYP) шартты түрде түсу үшін IELTS тесті бойынша жалпы балл 5.5 (әр секция бойынша кемінде 5.5 балл, тек бір секция бойынша 5.0 балл рұқсат етіледі) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы;

*Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:

– ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда;

– ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда.

  • Талдау және математикалық қабілеттіліктерін GRE тестінің нәтижелері арқылы көрсетуі (міндетті емес);
  • Негіздеме хатында көрсетілген жоғары мотивация және бағдарламаға байланысты қызығушылық.

 

«Тау-кен инжинирингі саласындағы ғылым магистрі» немесе «Мұнай-газ ісі саласындағы ғылым магистрі» бағдарламасына түсетін үміткерлер құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімінен кешіктірмей Университеттің сайтында (admissions.nu.edu.kz) ұсынылған тіркелу нысанын толтырып және оны толық құжаттар пакетімен бірге жүктеп алулары тиіс. Құжаттар пакеті электронды түрде ұсынылады.

  • «Тау-кен инжинирингі саласындағы ғылым магистрі» бағдарламасына толтырылған  сауалнама-өтініш;
  • Дәрежесінің болуы туралы дипломның/сертификаттың және оның қосымшасының/транскриптінің ресми көшірмесі (нотариалдық куәландырылған ағылшын тіліне аудармасымен);
  • Жұмыс өтілін куәландыратын құжат (нотариалды куәландырылған ағылшын тіліне аудармасымен) (қажет  болған жағдайда);
  • «Тау – кен ісі саласындағы ғылым магистрі» бағдарламасы бойынша онлайн тіркелу  сәтінде қолданыстағы  IELTS немесе TOEFL сертификаты;
  • Паспорттың/жеке куәліктің ресми куәландырылған көшірмесі (нотариалдық куәландырылған ағылшын тіліне аудармасымен);
  • «Тау – кен ісі саласындағы ғылым магистрі» бағдарламасы бойынша онлайн тіркелу  сәтінде қолданыстағы  GRE тестілеудің /сертификат нәтижелері (бар болған жағдайда);
  • Түйіндеме (екі беттен аспайтын);
  • Негіздеме-хат (500 сөзден көп емес);
  • 2 ұсыным хат.

ЕСКЕРТУ:

Үміткерлер конкурстың келесі кезеңіне өткен жағдайда, жеке куәлігінің немесе паспортының, дипломының және транскриптің нотариалды куәландырылған көшірмесін және қалған құжаттардың түпнұсқасын тапсыруы қажет.

Дипломдарды/сертификаттарды шетелдік білім беру мекемелерінде алған үміткерлер, ресми транскрипттерді тікелей келесі мекен жайға  жіберу туралы сұрауды тиісті оқу орнына жөнелтулері тиіс: Астана қ., 010000, Қабанбай батыр даңғылы 53, Назарбаев Университеті, Қабылдау департаменті.

Тиісті бағдарламаны таңдағаннан кейін, сауалнама-өтінішті толтырып, қажетті құжаттарды тіркеп, бағдарламаға түсуге электронды турде өтініш бере аласыз.