>
Nazarbayev University
Graduate School of Education

School of Mining & Geosciences

Құжаттарды тапсыру

Дипломды алу жолындағы алғашқы қадам - сіз үшін қолайлы бағдарламаны табу. Мектеп бағдарламалары туралы қосымша ақпаратты біздің веб-сайтта таба аласыз.

Ағылшын тілін бағалау тесті туралы ақпарат

Назарбаев Университеті форс-мажор жағдайларына байланысты IELTS / TOEFL тестін тапсыра алмайтын талапкерлерге ағылшын тілін білуін анықтау үшін балама «Duolingo English Test» ұсынады. Қабылдау комиссиясы «Duolingo English Test» тестінің нәтижелерін қарастыру үшін үміткерлер кем дегенде 105 балл жинауы керек (егер IELTS 6.5 / TOEFL 79 үшін минималды талап етілетін балл болса) немесе 115 (егер IELTS 7.0 / TOEFL 94 үшін минималды талап етілетін балл болса).

«Duolingo English Test» (IELTS 5.5 / TOEFL 46) бойынша 80-100 балл жинайтын үміткерлер “Назарбаев Университеті магистратура бағдарламаларының дайындық жылы” бағдарламасына (NUZYP) оқуға түсе алады.

Докторантура бағдарламаларына IELTS/TOEFL/Duolingo English test, GRE/GMAT сертификаттарын  тапсырудың соңғы мерзімі: 2020 жылдың 10-шы маусымға дейін.