>
Nazarbayev University
Graduate School of Education

School of Mining & Geosciences

Оқиғалар

Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебінің «Жалпы түсінік: Табиғи ресурстарды өндірудегі Сіздің болашағыңыз» атты тегін дәрістеріне шақырамыз!

артқа
March 2, 2019
10:00
аудитория 6.141, блок 6, Назарбаев Университеті

 

Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі (ТКІЖҒМ) сіздерді «Жалпы түсінік: Табиғи ресурстарды өндірудегі Сіздің болашағыңыз» атты тегін дәрістеріне шақырады!

2 наурыз күні, сағат 10.00-де

Назарбаев Университеті 6-блок, 6.141 аудитория

Дәрістер тау-кен және мұнай-газ ісі  өнеркәсібінің маңызды тақырыптарын қарастырады. Сондай-ақ өнеркәсіптің алдында тұрған өзекті сұрақтар мен мәселелерді көтере және ескере отырып, болашақ инженерлерін дайындау тәсілдерімен таныстырады.

ТКІЖҒМ оқытушылары төмендегі тақырыптар бойынша тегін дәрістер өткізеді:

  • Профессор Фиделис Т. Суоринени «Кеңседе отырып тау-кен өндіру: кен өндіру үрдістерінің өзгеруі» (ағылшын тілінде)
  • «Қазақстан және шет елдерінде мұнай-газ инженерлердің қызықты болашағы» д-р Пейман Пурафшари (ағылшын тілінде)
  • Доктор Насер Мадани «Іскерлік мүмкіндіктер» (ағылшын тілінде)
  • «Болашақ үшін жаңа ресурстарды іздестіру: геологиялық барлау жұмыстары» доктор Лоран Ришар (ағылшын тілінде)
  • Студенттердің сөзімен (орыс тілінде)
  • Зертханалық тур


Тіркеу формасын толтыру арқылы қатысуыңызды растаңыз.

Біз сіздерді осы сенбі күні сағат 10:00 күтеміз!

Егжей

Дата :
March 2, 2019
Уақыт :
10:00
Ұйымдастырушы :
Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі
Өткізу орны :
аудитория 6.141, блок 6, Назарбаев Университеті

Хабарландырулар Көбірек

10
Feb
2020
KAZ MINERALS компаниясының дәрістер сериясы

Сіздерді Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі KAZ MINERALS компаниясымен бірлесе отырып, өз салаларында белгілі бір тақырып туралы, тау-кен өнеркәсібі туралы біліммен бөлісетін және тау-кен өндірісінде мансапты қалай құру туралы бірнеше дәрістерге шақырамыз.

05
Nov
2019
Магистратура бағдарламаларына онлайн тіркелу ашылды

Онлайн тіркелудің бірінші кезеңі (ерте тіркелу) басталды. Ерте тіркелу: 2019 жылдың 4-ші қарашадан 2020 жылдың 16-шы ақпанға дейін (қоса алғанда) тіркеу төлем ақысыз жүргізіледі. Стандартты тіркелу:  2020 жылдың 17-ші ақпаннан  2020 жылдың 12-ші мамырға дейін (қоса алғанда). Тіркеу жарнасын төлеу міндетті. Тіркеу жарнасы бағдарламаға байланысты.   Тіркелу үшін Сізге міндетті түрде admissions.nu.edu.kz сайты арқылы жеке кабинет құру керек, талапкерге арналған сауалнаманы толтырып, қажетті құжаттарды жүктеуіңіз қажет. Құжаттарды қабылдау мәселелері бойынша мына телефонға […]