Nazarbayev University
Graduate School of Education

School of Mining & Geosciences

Оқиғалар

Мұнай-газ өнеркәсібінің маманы Бахытгуль Даирова “Бұрғылау технологиясы” жөнінде лекция береді

артқа
November 1, 2018
1:00-2:00pm
6 Блок, 6.141

Бахытгуль Schlumberger компаниясында бұрғылау технологиясы менеджері. Бахытгүл геофизика саласының ғылым бакалаврына және мұнай өндірісінде 12 жылдық тәжірибесіне ие. Бахытгүл өз мансабын 2006 жылы MWD (Бұрғылау кезінде ұңғымалы параметрлерді өлшеу) / көлбеу бұрғылау маманы ретінде бастады. Кейінірек бұрғылау технологиясы орталығына көшкеннен соң, Қазақстан, Әзірбайжан және Өзбекстандағы әртүрлі ұңғымаларды жоспарлау және пайдалану жұмыстарымен айналысты.

Мексика шығанағындағы (АҚШ), Индонезия мен Австралияда бұрғылау технологиясы бойынша Аға Инженер болып жұмыс істеді. Бірнеше елдерде мұндай жұмыстар бұрғылаудың әртүрлі мәселелерімен танысуға мүмкіндік берді: терең су, карст арқылы бұрғылау, айналмасыз бұрғылау, геотермия, теңіздегі бұрғылау (ұңғымалық құбыр кескіш), жаңа технологиялармен орындалатын көлемді жобалар.

1 Қарашада сағат 13:00-де Бахытгүл Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебінің студенттеріне бұрғылау технолгиясы бойынша лекция береді.

Егжей

Дата :
November 1, 2018
Уақыт :
1:00-2:00pm
Ұйымдастырушы :
Тау-кен және Жер туралы ғылымдар мектебі
Өткізу орны :
6 Блок, 6.141

Хабарландырулар Көбірек

25
Apr
2019
Total Energy Summer School

Total 2019 жылдың 13 мамыр мен 17 мамырдың аралығында Назарбаев Университетінде өтетін «Total Energy Summer School» (Энергетика саласындағы Total жазғы мектебі)-дың екінші шығарылымын ұйымдастыруда. «Total Energy Summer School» жоғары бакалавриат және магистратура курс студенттеріне, соның ішінде энергетика саласындағы студенттерге (мұнай-газ, мұнай-химия, геология және қоршаған орта) және энергетика саласына байланысты басқа саладағы білім алып жатқан студенттерге […]

01
Apr
2019
Тіркелу мерзімі 2019 жылдың 30 сәуіріне дейін созылды

  30 сәуірге дейін Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебінің магистратура бағдарламаларына өтініміңізді тапсырыңыз. Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебінде келесі магистратура бағдарламаларын ұсынады: 1. Мұнай-газ ісі саласындағы ғылым магистрі 2. Тау-кен ісі саласындағы ғылым магистрі Өтінішті бастау үшін мұнда басыңыз. Қабылдау бөлімі: +7 7172 706555 | graduate@nu.edu.kz Тау-кен ісі және Жер туралы […]