>
Nazarbayev University
Graduate School of Education

School of Mining & Geosciences

Оқиғалар

MINEX Орталық Азия бойынша пайдалы қазбаларды өндіру форумы

артқа

Назарбаев Университетінің Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебінің студенттері 2018 жылдың 17-19 сәуірінде Астана қаласында өткен 9-шы MINEX Орталық Азия бойынша пайдалы қазбаларды өндіру форумына қатысты. 9-шы MINEX Орталық Азия бойынша пайдалы қазбаларды өндіру форумында конкурстық жарыс екі форматта өтті: “Инновациядан жүзеге асыруға дейін” және “Іскерлік конкурс”.

Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі атынан оқытушылармен конкурс нәтижесінде Тау-кен ісі бағдарламасының сегіз магистранты іріктелді. “Инновациядан жүзеге асыруға дейін” конкурстың мақсаты – тау-кен кәсіпорындарында жүзеге асыру үшін инновациялық шешімдер мен технологиялар ойлап табу. Ең үздік презентация үшін бас жүлдені Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебінің бірінші курс магистранты Нұрасыл Батталғазы «Кен орындарында тау-кен жұмыстарын жоспарлау және оңтайландыру үшін геостатистикалық бірлескен симуляция әдісін қолдану» тақырыбы бойынша иеленді. “Іскерлік конкурс” екінші конкурста Назарбаев Университетің командасы, яғни Нұрасыл Батталғазы, Еркежан Мәденова, Мейірхан Жәлел, Әбу Саади Каржау және Ануар Тазабеков, тау-кен компаниялары ұсынған тау-кен инжинирингі саласында тәжірибелік мысалдарды талдау және шешу бағытындағы презентация үшін бірінші орын алды.

MINEX Орталық Азия форумы әр түрлі елдерде пайдалы қазбаларды барлау және өндіру жөніндегі салалық пікірталас алаңын қамтамасыз ететін ірі және беделді халықаралық іс-шараларын бірі ретінде 2010 жылы құрылған. Соңғы сегіз жылда Форум инвестицияларды, технологиялық және бизнес-әріптестікті дамытуда, сондай-ақ үкіметтер, кен өндіру саласындағы компаниялар, қызмет көрсететін, құрал-жабдықтарды өндірушілер және инвесторлар арасындағы халықаралық диалогтың дамуында маңызды рөлге ие болды.

Егжей

Хабарландырулар Көбірек

10
Feb
2020
KAZ MINERALS компаниясының дәрістер сериясы

Сіздерді Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі KAZ MINERALS компаниясымен бірлесе отырып, өз салаларында белгілі бір тақырып туралы, тау-кен өнеркәсібі туралы біліммен бөлісетін және тау-кен өндірісінде мансапты қалай құру туралы бірнеше дәрістерге шақырамыз.

05
Nov
2019
Магистратура бағдарламаларына онлайн тіркелу ашылды

Онлайн тіркелудің бірінші кезеңі (ерте тіркелу) басталды. Ерте тіркелу: 2019 жылдың 4-ші қарашадан 2020 жылдың 16-шы ақпанға дейін (қоса алғанда) тіркеу төлем ақысыз жүргізіледі. Стандартты тіркелу:  2020 жылдың 17-ші ақпаннан  2020 жылдың 12-ші мамырға дейін (қоса алғанда). Тіркеу жарнасын төлеу міндетті. Тіркеу жарнасы бағдарламаға байланысты.   Тіркелу үшін Сізге міндетті түрде admissions.nu.edu.kz сайты арқылы жеке кабинет құру керек, талапкерге арналған сауалнаманы толтырып, қажетті құжаттарды жүктеуіңіз қажет. Құжаттарды қабылдау мәселелері бойынша мына телефонға […]