Nazarbayev University
Graduate School of Education

School of Mining & Geosciences

Кампус: НУ-дағы өмір

Нұр-Сұлтан қаласындағы өмір

Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылдың 10 маусымында өтті. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы) «Бейбітшілік қаласы» атағына ие болды. 2000 жылдан бастап Қазақстанның басты қаласы астаналар мен ірі қалалардың Халықаралық Ассамблеясының мүшесі болып табылады.

Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстанның құрғақ дала аймағында орналасқан. Қала аумағы төменгі жайылма террассалар болып табылады. Есіл өзені – астананың негізгі су артериясы болып  табылады. Климат күрт құбылмалы – суық әрі ұзаққа созылған қыс және жылы жаз. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласының аумағы 722 шаршы километрден астам, халқының саны 1010000 астам адам.

Нұр-Сұлтан қаласының архитектуралық көрінісі Шығыс пен Батыстың мәдени дәстүрлерін бейнелейтін арнайы еуразиялық стильде жасалды. Елорда мастер-жоспарының авторы атақты жапон сәулетшісі Кисе Курокава болды. Қала үш ауданнан тұрады: «Алматы», «Сарыарқа» және «Есіл».

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласы – белсенді, талантты және жігерлі жастар үшін жаңа мүмкіндіктер мен тартымды қала. Қазақстанның астанасы еліміздің басты білім беру және ғылыми алаңы болып табылады және білім, ғылым және инновацияның өңірлік орталығы болуға ұмтылады.

Тарихи өлшем бойынша жас қаланың мәдени өмірі қанық және қызықты. Оның мұражайларында, театрларында және концерттік залдарында ұлттық және заманауи өнер үйлесімді синтезделеді.

Нұр-Сұлтан қаласының көрікті жерлері

Ailand су паркі

Тұңғыш Президент саябағы

Тәуелсіздік алаңы (Қазақ елі монументі және Бейбітшілік қабырғасы)

Есіл өзен жағалауы және Атырау көпірі