Тау-кен ісі және Жер туралы мектебіндегі мұнай-газ ісі саласындағы докторантура бағдарламасы мұнай-газ ісі саласындағы академиялық, өнеркәсіптік және ғылыми-зерттеу салаларында мансапты жоспарлап отырған адамдарға жоғары деңгейдегі білімдер мен сарапшылар деңгейінде терең білім базасын ұсынуға арналған. Бағдарлама тереңдетілген курстар бойынша мұнай-газ инженерлерінің білімін жетілдіруге және ғылыми-зерттеу дағдыларын жоғары деңгейде дамытуға бағытталған.
Бағдарлама аяқталғаннан кейін студенттер мұнай-газ инженериясының әртүрлі тақырыптарына қатысты тәуелсіз, инновациялық және сапалы зерттеулер жүргізуге және жобалауға қабілетті болады. Сонымен қатар, бағдарлама түлектері университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының, аға ғылыми қызметкерлердің, инженерлердің және өнімді әзірлеушілердің лауазымдарын қоса өндірістік және академиялық ортада жұмыс істеуге дайын болады.