Nazarbayev University
Graduate School of Education

School of Mining & Geosciences

Бағдарламалар

Флюидтық тау жыныстарының өзара қарым-қатынастарын геохимиялық әдіспен модельдеу

Курс сипаттамасы – Бұл курс мұнай-газ және тау-кен өнеркәсібіндегі геохимиялық процестерді сандық модельдеуде термодинамика теориясын қолдануға толық шолу жасайды.
Екі күніндік курс кезінде теория бойынша қысқа презентацияларды геохимиялық бағдарламалық жасақтаманы қолдану арқылы тәжірибелік жаттығулар алмастырып отыратын болады. Тыңдаушылардың дайындық деңгейін ескере отырып (немесе курс қатысушыларының қалауларына сәйкес), нұсқаушы арнайы сандық модельдеу жаттығуларын дайындайды. Мысалы, көмірсутек резервуарларының / кен орындарының диагенезі, мұнай алуды ұлғайту әдістері кезіндегі судың тау жыныстарымен өзара әрекеттесуі, әлсіз мұнай және газ кен орындарын қалдықтар қоймасы ретінде сақтау үшін қышқыл газдарды кері қарай айдау немесе гидротермалдық ерітінділерде металдарды тасымалдау және руда кен орындарын қалыптастыру.

Аудитория – Геологтар, мұнай және газ кен орындарын өңдейтін инженерлер және мұнай компанияларының бұрғылау инжеренлері, сондай-ақ кен өндіру компанияларының геологтары мен инженерлері.

Деңгейі – Физикалық химия негіздері

Курс тапсырмалары – Бұл курс тыңдаушыларға өз қызметтері аясындағы геохимиялық модельдеуге қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізу негіздерін үйренуге мүмкіндік береді.

Курс материалдары – Курс уақытында қатысушыларға теориялық материалдар жүктелген берілерді, сондай-ақ тақырыпқа сай тәжірибелік тапсырмалармен қамтамасыз етіледі. Сонымен қоса қатысушыларда академиялық және зерттеу оқу орындарының сайттарындағы қолжетімді тегін жүктелетін геохимиялық бағдарламалық жасақтаманы өз ноутбуктарына орнату мүмкіндігі болады.

Бағдарлама кестесі:1-күн

Уақыт Сабақ кестесі
09.00 – 10.30 Теория негізі

·         Тепе теңдік және Гиббс тұрақтылық энергиясы
·         Энтропиялар, жылу сыйымдылығы, көлемдер
·         Гиббс энергиясын температурамен және қысыммен интеграциялау

  Үзіліс
11.00 – 12.30 Термодинамикалық дерекқор

·         Геохимиялық есептеулерді жүзеге асыру үшін вебсайттан көшіруге болатын дерекқорлардың сипаттамалары
·         Қосымшасы бар SUPCRT92 компьютерлік бағдарламасына кіріспе

  Түскі ас
13.30 – 15.00 Минералды ерітінділердің теңгерімі

·         Кешенді реакциялар және химиялық заттардың су ерітіндісіндегі түрленуі 
·         Белсенділік диаграммасын құру және флюидтық құрылымды жобалау 
·         Минералды құрылымға қатысты сұйықтықтардағы шектеулі көмірсутектердің құрамын есептеу
·        Редокс реакциясы және Eh – pH диаграммалары

  Үзіліс
15.30 – 17.00 Геохимиялық модельдеу

·         Практикалық тапсырмалары бар  Geochemist Workbench бағдарламасына кіріспе

2-күн  

Уақыт Сабақ кестесі
09.00 – 10.30 Редокс процесстері

·         Редокс реакциялары, Нернст теңдеуі,  редокс потенциалы
·        Eh – pH диаграммалары

  Үзіліс
11.00 – 12.30 Редокс процестерін геохимиялық әдіспен модельдеу
  Түскі ас
13.30 – 15.00 Геохимиялық процесстегі жаппай алмасу 

·         Реакция прогресінің айнымалылары 
·         Ерітінділердегі және минералдардағы тұнуды сандық әдіспен модельдеу

  Үзіліс
15.30 – 17.00 Геохимиялық реакциялардың кинетикасы

·         Кинетикалық параметрлерінің заңдары мен анықтамаларын бағалау
·         Бактериялық реакцияларды қосу кезіндегі геохимиялық процестер