Бағдарламалар
- Басты
- Бағдарламалар
- Бакалавриат
- Мұнай-газ ісі саласындағы ғылым бакалавры
Мұнай-газ ісі саласындағы ғылым бакалавры
Көмірсутектер қазіргі таңдағы әлемнің жетекші энергия көзі болуын жалғастыруда. Қазақстан әлемдегі 9-шы мұнай өндіруші ел. Сонымен қоса Қазақстан Қытай мен әлемнің ірі мұнай және газ импорттаушы елдернің арасындағы мұнай және газ транзит елі болып табылады. Сондықтан мұнай және газ саласындағы бакалавр бағдарламасы мұнай және газ индустриясында академиялық мүмкіндіктерімен қоса карьерлік жетістіктерге жетуге жетелейді. Ол әлемдегі техникалық және қаржылай мүмкіндіктері бар жұмыстарға орналасуға жол ашады. Одан қалса мұнай-газ мамандарына сұраныс өте жоғары. Мұнай-газ мамандары энергетикалық қауыпсіздікке және әлеуметтік-экономикалық табысқа жетелейтін маңызды технологиялық мәселереді шешуге қабілетте болады. Мұнай-газ мамандары көмірсутекті жер қойнауынан өңдеп шығаруға да жауапты болады. Инженерлік саланың бұл бағыты кең ауқымды біліммен қоса геология, математика, физика, химия және қоршаған орта ғылымдарын талап етеді.
Бағдарламаның оқу жоспары
Алғашқы екі жылдың бағдарламасы математика, химия, инжиниринг негіздері, мұнай-газ инжинирингіне кіріспе жəне геология сияқты негізгі курстардан тұрады. Үшінші жəне төртінші оқу жылдары мұнай өнеркәсiбi субъектiлерiн, резервуарларды жобалау, резервуарларды модельдеудi, бұрғылауды және т.б. тереңдетілген негізде жүргізіледі. Сондай-ақ мұнай мен газды өндіру қағидалары, кен орындарын дамыту жүйесі, жобалау жəне экономикалық анализ оқылады.
Contacts
Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі
E-mail: undergraduate.smg@nu.edu.kz
graduate.smg@nu.edu.kz
+7 (7172) 694534, +7 (7172) 694966,
+7 (7172) 706689
6 Блогі, Қабанбай Батыр даңғылы 53
Нұр-Сұлтан қаласы, 010000, Казақстан Республикасы
By NULITS