Бағдарламалар
- Басты
- Бағдарламалар
- Бакалавриат
Бакалавриат

Геология саласындағы ғылым бакалавры
Геологтар пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеу мен бағалау, энергетикалық ресурстарын, сондай-ақ жер асты суларын тұрақты жəне тиімді пайдалану үшін жауапты болады. Геологтар көбінесе мұнай жəне тау-кен өндіру компанияларында жұмыс істейді. Олар жер беті туралы өз білімдерін пайдалана отырып табиғи ресурстардың орналасуы мүмкін жерлері туралы негізделген болжамдарды жасайды.
Бағдарламаның оқу жоспары
Оқудың алғашқы екі жылы жер жүйесі туралы ғылымға шолумен бірге есептеу жүйесі мен инжиниринг саласындағы қажетті дағдыларды игере отырып, қолданбалы геофизиканың басты қағидалары бойынша негіздерді тереңдете оқытуды қамтиды. Бағдарламаның соңғы екі жылында жер туралы ғылымының негізгі біліктіліктерін жетілдіреді. Студенттер көптеген лабораториялық жəне практикалық жұмыстарды жүргізе отырып геологиялық деректерді жинау мен талдау дағдыларын дамытатын болады.

Мұнай-газ ісі саласындағы ғылым бакалавры
Көмірсутектер қазіргі таңдағы әлемнің жетекші энергия көзі болуын жалғастыруда. Қазақстан әлемдегі 9-шы мұнай өндіруші ел. Сонымен қоса Қазақстан Қытай мен әлемнің ірі мұнай және газ импорттаушы елдернің арасындағы мұнай және газ транзит елі болып табылады. Сондықтан мұнай және газ саласындағы бакалавр бағдарламасы мұнай және газ индустриясында академиялық мүмкіндіктерімен қоса карьерлік жетістіктерге жетуге жетелейді. Бағдарламаның оқу жоспары
Алғашқы екі жылдың бағдарламасы математика, химия, инжиниринг негіздері, мұнай-газ инжинирингіне кіріспе жəне геология сияқты негізгі курстардан тұрады. Үшінші жəне төртінші оқу жылдары мұнай өнеркәсiбi субъектiлерiн, резервуарларды жобалау, резервуарларды модельдеудi, бұрғылауды және т.б. тереңдетілген негізде жүргізіледі. Сондай-ақ мұнай мен газды өндіру қағидалары, кен орындарын дамыту жүйесі, жобалау жəне экономикалық анализ оқылады.

Тау-кен инжинирингі саласындағы ғылым бакалавры
Тау-кен ісі мамандары табиғи ресурстарды өндіру мақсатында кен орындарын жоспарлауға, жобалауға жəне əзірлеуге жауапты болады. Олар тау-кен жұмыстарының əрбір кезеңіне, оның ішінде жаңа пайдалы қазбаларды іздеуге жəне олардың экономика тұрғысынан тиімділігі туралы шешімдер қабылдауға, кен орындарын жобалауға жəне құруға, пайдалы қазбаларды өндіруді басқаруға, жұмыстардың қауіпсіз жəне экологиялық тұрғыдан жүргізілуін қамтамасыз етуге қатысады.
Бағдарламаның оқу жоспары
Алғашқы екі жылдың бағдарламасы математика, инжиниринг негіздері, тау-кен ісіне кіріспе жəне геология сияқты негізгі курстардан тұрады. Оқудың соңғы екі жылы лабораториялық жұмыстарға сүйене отырып, тау-кен ісі курстарын, өндірістік практиканы, сондай-ақ студенттерді өнеркəсіптің қажеттіліктеріне бейімдеп, автоматтандырылған бағдарламаны қамтамасыз ету пакетін жобалауды қамтиды.
Байланыс ақпараттары
Бізге қоңырау шалыңыз
немесе электрондық хат жіберіңіз:
Қабылдау сұрақтары (бакалавр және
магистр бағдарламалары) бойынша:
+7 (7172)706689,
Мекен-жайы:
Назарбаев Университеті, 6Блок
Қабанбай Батыр көшесі, 53,
Нұр-Сұлтан қаласы 010000
Contacts
Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі
E-mail: undergraduate.smg@nu.edu.kz
graduate.smg@nu.edu.kz
+7 (7172) 694534, +7 (7172) 694966,
+7 (7172) 706689
6 Блогі, Қабанбай Батыр даңғылы 53
Нұр-Сұлтан қаласы, 010000, Казақстан Республикасы
By NULITS