Nazarbayev University
School of Mining & Geosciences

School of Mining & Geosciences

Біз туралы

Назарбаев Университетінің мансап парақшасына қош келдіңіздер!

Назарбаев Университеті құрылған сәтінен бастап Қазақстанның білім беру, ғылыми және инновация салаларының флагманы болып табылады. Бүгінгі күні Университет білім беру және ғылыми салаларын реформалаудың ауқымды ірі бағдарламасының бөлігі. Біз халықаралық ғылыми – білім беру салаларында көшбасшылыққа ұмтыламыз. Алға қойылған міндеттерді шығармашылық тұрғыдан шешуге қабілетті жоғары білікті қызметкерлер Университеттің басты ресурсы болып табылады.

Біз  Университеттің миссиялары мен мақсаттарының жетуіне үлес қосқысы келетін талантты қызметкерлерді іздейміз. Университет құндылыктарын ұстанатын және біздің ұйымның бөлігі болғысы келетін барлық үміткерлерді шақырамыз.

Біздің негізгі құндылықтар::

Мәдени әралуандылық пен толеранттылық – білімнің, ғылым мен қоғамдастықтың барлық салаларына енгізілген.

Діни, гендерлік, әлеуметтік мәртебесіне немесе физикалық мүмкіндіктеріне қарамастан, барлығы үшін тең қолжетімділік.

Жетістіктерге негізінделген демен іріктеу – Назарбаев Университеті жүзеге асырылып, барлық дарынды әрі қабілетті студенттер, жұмыскерлер, оқытушы-профессорлар құрамы мен зерттеушілер үшін әрдайым ашық.

Тұтастық Университеттегі оқу, зерттеу, басқарушылық салалар мен студенттік өмірдің барлық аспектілерінде негіз құраушы құндылықтардың бірі болып табылады.

Жоғары этикалық қағидаттар мен кәсіпқойлықты сақтау – студенттер, оқытушылар мен зерттеушілер үшін өз міндеттерін орындау кезінде негізгі талаптардың бірі.

Транспаренттілік және айқындылық – Университеттің жедел қызметінің барлық салаларында толық транспаренттілікті және жалпы қолжетімділікті қамтамасыз ету

Назарбаев Университеті қызметкерлерді тандап алу және жалдау процесстері  айқындық, әділдік және тәуелсіздік қағидаттарына негізделген. Басты қағидаттардың бірі діни, гендерлік, әлеуметтік мәртебесіне немесе физикалық мүмкіндіктері, ұлты, мүлік жағдайы, қызметтік жағдайы және тұрғылықты жағдайы,  саяси сенімдеріне қарай дискриминацияға жол бермеу болып табылады.

 

Бос жұмыс орындарды қарау үшін келесі сілтемеге өтуіңізді сұраймыз.

Software engineer

Міндеттер: суретті талдау

Талаптар:

  • FORTRAN және MATLAB бағдарламалау тілдерімен жұмыс тәжірибесі;
  • Инженерлік қажеттіліктерге арналған кешенді бағдарламаларды жасау тәжірибесі;
  • Инженерлік, информатика, математика немесе статистика саласындағы бакалавр немесе магистр дәрежесі;
  • Кеңістіктік статистиканы білу артықшылық болып табылады, бірақ міндетті емес.

Жалақы деңгейі білім деңгейіне байланысты:

Бакалавр дәрежесінің иегері: айына $500 (салықтарға дейін)

Магистратураның иегерлері: айына $1,000 (салық төлегенге дейін)

Жұмыс уақыты: аптасына 40 сағат

Жұмыс орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр, 53, Назарбаев Университеті

Келісімшарттың қолданылу мерзімі: сынақ мерзімі – 1 ай, сынақ мерзімі сәтті аяқталған жағдайда шарт 2022 жылдың желтоқсанына дейін ұзартылуы мүмкін.

Байланыс: nasser.madani@nu.edu.kz (өз түйіндемеңізді + сізге кепілдеме жасай алатын екі адамның аты-жөнін жіберіңіз).

 

Follow Us on Instagram
This error message is only visible to WordPress admins