Nazarbayev University
Graduate School of Education

School of Mining & Geosciences

Біз туралы

Назарбаев Университетінің Тау-кен және Жер туралы ғылымдар мектебіне қош келдіңіздер!

Қазақстан Республикасы минералды және қазба отын қорының айтарлықтай көлеміне ие. Бұл табиғи ресурстар, әсіресе қысқа мерзімді және орта мерзімді кезеңдерде, Қазақстан экономикасында маңызды рөл атқарады. Мектеп Жер туралы  білім беру және зерттеу мектебі ретінде және қазіргі заманғы білім мен технологияны халықаралық сапалы, қауіпсіз, тиімді және экология жағынан жауапты өнеркәсібіне айналдыру себебімен қалыптасты.

Тау-кен жəне Жер туралы ғылымдар мектебі табиғи ресурстар саласында дарынды, көшбасшы жəне заманауи білімді əзірлейтін əлемдік деңгейдегі оқу орны болуға мақсат тұтты. Жоғары білікті мамандар мен студенттерді заманауи біліммен жəне Жер туралы ғылымға байланысты пəндерді оқыту арқылы, сондай-ақ табиғи ресурстарды зерттеу, өндіру жəне өңдеу саласында қауіпсіз, тұрақты жəне экономикалық тəсілдермен əлемдік деңгейдегі зерттеулер жүргізуді жəне жоғары сапалы зерттеу нəтижелерін алуды үйрету арқылы өз мақсатымызды жүзеге асырамыз.