Назарбаев Университетінің Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебіне қош келдіңіздер!
Халықаралық танымал, іс жанды оқытушылардың назарын тарту және озақ ғылыми зерттеу жобаларын әрі қарай дамыту - дамушы Мектептің бір мақсаты. Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі бакалавр, магистр және доктор деңгейлерінде геология, тау-кен инжинирингі және мұнай-газ саласындағы академиялық бағдарламаларды ұсынады. Сонымен қатар, жақын арада Жер туралы ғылымдар саласындағы жоғары білім бағдарламаларын кеңейтетін боламыз. Біз болашақ Жер туралы ғылымдар саласындағы көшбасшыларды оқытып, Қазақстан және әлем нарығына пайдалы озық зерттеулер жүргізуге дайындаймыз. Мектепте оқыту мен зерттеуге арналған заманауи зертханалар бар. Мектеп өндірістік шешімдер мен ұлттық активтерді қауіпсіз, үнемді және экологиялық тұрғыдан жауапкершілікпен дамыту үшін индустриямен тығыз ынтымақтастық жасайды. Ал академиялық тұрғыдан Мектеп АҚШ-тағы Колорадо тау-кен ісі мектебімен серіктес.
Сіздерді қазіргі дәрежелі, инновациялық Нұр-Сұлтан қаласының жүрегінде орналасқан Назарбаев Университетіне шақырамыз.
Құрметпен,
Профессор Рэнди Д. Хазлетт
Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебінің Деканы.