Nazarbayev University
Graduate School of Education

School of Mining & Geosciences

Хабарландырулар

Магистратура бағдарламаларының дайындық жылы

артқа

Құрметті үміткерлер!

  2017-2018 оқу жылында «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы «Магистратура бағдарламаларының дайындық жылы» бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) онлайн тіркелудің ашылғанын және оның мына сілтемеде қолжетімді екенін қуана хабарлаймыз.

Бағдарламаға іріктеуден сәтті өткен үміткерлер мемлекеттік грант иегерлері атанады. Грант оқу құны, айлық шәкіртақы сияқты Бағдарламада оқудың басты шығындарын қамтиды. Бағдарлама ұзақтығы 20.11.2017- 17.05.2018. Бағдарламаны сәтті аяқтаған білім алушылар өздері өтінім тапсырған және сұхбаттасудан өткен НУ магистратура бағдарламаларының студенттері атанады.

Бағдарламаға түсуге конкурсқа қатысу үшін үміткер келесі талаптарға сай келуі тиіс:

  • IELTS тесті бойынша жалпы балл – 5.5 және әрбір бөлім бойынша ең төменгі балл 5.0 немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің баламалы қорытындысы болуы қажет;
  • өтінім тапсыратын нақты магистратура бағдарламасына қабылдау қағидаларының ережелеріне (ағылшын тіліне қойылатын талапты қоспағанда) сай келуі тиіс.

Келесі үміткерлер мемлекеттік қаражат есебінен Бағдарламаға өтінім тапсыра алмайды:

  • мемлекеттік қаражат есебінен НУ-нің бакалавриат, магистратура немесе докторантура бағдарламаларына қабылданған және НУ-нен оқудан шығарылған және НУ-н бітірген үміткерлер;
  • бұрын мемлекеттік қаражат есебінен магистр дәрежесін алған үміткерлер;
  • шетелдік азаматтар

Тіркелу 2017 жылдың 8-қарашасы Астана уақыты бойынша сағат 23.59 ға дейін ашық болады.