Nazarbayev University
Graduate School of Education

School of Mining & Geosciences

Хабарландырулар

Мұнай-газ департаментіне профессор-оқытушылар қажет

артқа

Университет:
Назарбаев Университет
Астана, Казахстан

Құжат тапсыру мерзімі: 27 сәуір, 2018

«Назарбаев Университетінің» тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі профессор-оқытушыларды (Профессор, Қауымдастырылған профессор және Ассистент-Профессор) қабылдап жатқанын хабарлайды. Құжат тапсырушы кандидаттың мұнай-газ саласындағы педагогикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу тәжірибесі және Ph.D. дәрежесі болуы тиіс.

Мұнай-газ саласында ғылыми зерттеу тәжірибесі бар үміткерлердің өтінімдері қабылданады. Мектепте оқытушылық, ғылыми-зерттеу қызметі мен қызметтер көрсету арасындағы жүктемені бөлу:  (1) «Мұнай-газ саласы» бағдарламасын өңдеуде, жоспарлауда, жүзеге асыруда және курстарды бағалауда негізгі рөл атқару, сонымен қоса оқытудың жоғары деңгейде жүргізілуіне қолдау жасау; (2) «Мұнай-газ саласындағы» ғылыми зерттеу жұмыстарын басқару және қадағалау, халықаралық деңгейдегі ғылыми зерттеу жобаларында негізгі зерттеуші ретінде қатысу; (3) Университет жүктейтін административті функцияларды орындау және Мектепті таныстыру үшін Универстет миссиясын жүзеге асыруға қатысу.

Ағылшын тілін еркін игерген болуы тиіс. 

Құжаттарды тексеру 2018 жылы сәуір айының 30-шы жұлдызында басталады және қабылдау тоқтатылғанға дейін жалғасады. Құжаттарды тапсыру үшін мына электрондық поштаға hiring_smg@nu.edu.kz  ілеспе хатты және ағылшынша түйіндемені, сонымен қоса ұсыныс хаттарды сұрату үшін кемінде екі тұлғаның байланыс деректерін 2018 жылдың сәуір айының 27-ші жұлдызына дейін жіберу қажет.