Басты бет | Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі

Басты бет

Деканның алғы сөзі                

Назарбаев Университеті Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебіне қош келдіңіздер!

Қазақстан Республикасында пайдалы қазбалар мен табиғи отынның қоры мол. Осы табиғи ресурстар Қазақстанның экономикасында, әсіресе қысқа және орта мерзімді перспективада маңызды рөл атқаратын болады. Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі (бұдан әрі – Мектеп) геология ғылымдары бөлімінің білім беру және ғылым саласында көшбасшы болу, сондай-ақ сапалы, қауіпсіз, тиімді, экологиялық жауапкершілік қағидатына негізделген индустрияны дамыту мақсатында білім мен технологияларды трансляциялау үшін 2016 жылы құрылған.

Біз жер туралы ғылымдар саласында Қазақстанның, өңірдің және бүкіл әлемнің болашақ көшбасшыларын даярлайтын, сабақтар ағылшын тілінде жүргізілетін тау-кен инженериясы, мұнай-газ инженериясы және жер туралы қолданбалы ғылымдар саласында дарынды студенттерге білім беруді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ біз тұрақты және экологиялық қолайлы тәсілдерді қолдана отырып, минералды ресурстарды барлау, өндіру, пайдалану және қайта пайдалану саласында түрлі зерттеу бағдарламаларын жүзеге асыруды, сондай-ақ қоғамға пайда әкелетін өнертабыстарды кейіннен енгізуді жоспарлап отырмыз.

2017 жылдың күзінде «Тау-кен ісі» мамандығы бойынша екі жылдық магистратура бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Ал 2018 жылы біздің жас талапкерлерімізді «Тау-кен ісі», «Мұнай-газ» және «Қолданбалы геология» мамандықтары бойынша бакалавриат бағдармаларына қабылдайтын боламыз. Сонымен қатар 2018 жылы  «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша магистратура бағдарламасы ашылады. Осы аталған  бағдарламалардың барлығы біздің стратегиялық әріптесіміз және дүниежүзіндегі тау-кен ісі мен жер туралы ғалымдар саласындағы көшбасшы  – Колорадо тау-кен ісі мектебімен тығыз ынтымақтастықта әзірленетін болады.

Біздің білім беру және ғылыми бағдарламаларымыз туралы толығырақ білгіңіз келсе, әлеуетті  студент, профессор, қызметкер немесе әріптес ретінде интернет сайтымызға жиі кіріп тұрыңыз. Қосымша сұрақтарыңыз болса, төменде көрсетілген байланыс деректері бойынша бізбен хабарласаңыз.

 

Құрметпен,
Профессор Эркан Топал, Ph.D.
Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебінің деканы