News

Мектеп студенттері MineTech University сайысында екінші рет жеңімпаз атанды!

Нұр-Сұлтан қаласында 10-шы MINEX Қазақстан Тау-кен ісі және Барлау форумы өткізілді. Осы жылғы форумның тақырыбы «Жаңа шекараларды ашу» тау-кен өнеркәсібінде туындап жатқан қызықты әлеуетті көрсетеді. Форум тақырыбы Қазақстан мен Орталық Азиядағы тау-кен ісі және барлау жобаларын дамытудың негізгі бағыттарын талқылау үшін тамаша мүмкіндік берді.

Форумға 16 елден 450-ден астам басқарушылар, тау-кен металлургиялық компаниялары, министрліктер, геологиялық комитеттер, инвестициялық компаниялар, банктер, қор биржалары, сервистік компаниялар мен тау-кен техникасын өндіруші компанияларыдың өкілдері қатысты.

Осы форум аясында өткізілген екі конкурсқа, Мектеп студенттері Еркежан Меденова және басқа да студенттер қатысты. Оның «Кентірек дизайнына арналған интеграцияланған, автоматтандырылған веб-құралы» тақырыбындағы презентациясы Алтын жүлдеге ие болды. Еркежанның пікірі бойынша мұндай форумдардың көптеген пайдасы бар, соның ішінде адамдармен білісіп-танысу, қазылар алқасының кері байланысын алуды айтты.
News_KZ