News

Мәскеу қаласында өткен «New Generation: Across the Universe» атты мұнай-газ саласындағы студенттерге арналған 3-ші халықаралық форумы

News_KZ
«Мұнай және газ» бағдарламасының 1 курс студенттері Нұржан мен Меруерт Ресейдің Мәскеу қаласында өткен мұнай-газ ісі саласында маманданған студенттерге арналған «New Generation: Across the Universe» атты III халықаралық студенттер форумына қатысты.

Платформаны Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті (Ұлттық зерттеу университеті) ұсынды. Форум мұнай-газ саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында ұйымдастырылды және жергілікті және шетелдік студенттер мен ғалымдарға арналды. Форум мұнай-газ саласындағы болашақты оқыту әдістемесіне, сондай-ақ отын-энергетика саласының болашақ ұстанымына арналды.