News

Бозшакөл мыс кенішіне оқу сапар

News_KZ
2022 жылдың 8 сәуірінде Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебінің профессоры Али Мортазави жетекшілікпен 3-ші курстың бакалавриат студенттері және 1-ші курстың магистратура студенттері Бозшакөл мыс кенішіне оқу сапарға барды. Бозшакөл – кен өндіруде соңғы технологияны қолданатын ірі ашық мыс кеніші. Кен орнын игерумен KAZ Minerals компания айналысады. Шахтаға және әртүрлі техникалық бөлімдерге барар алдында студенттерге қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау берілді. Содан кейін KAZ Minerals-тың қызметкерлері кенішінде тау-кен өндіру цикл туралы айтып және көрсетіп берді, содан кейін студенттер ашық әдіспен өндірудің жобалау аспектілеріне қатысты сұрақтар қоюға мүмкіндік алды. Оқу сапары тау-кен жабдықтарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету шеберханасына, мыс өңдеу зауытына, Бозшакөл кешеніндегі кадрларды даярлау орталығына барумен аяқталды. Сонымен қатар, оқу сапар барысында профессор, студенттер және тау-кен техникалық қызметкерлері НУ ТІЖҒМ ғылыми зерттеулер жүргізу мүмкіндіктерін талқылады. Студенттер үшін бұл сапар «Тау-кен ісі» мамандығы бойынша оқуын жалғастыруға және мансап құруға мотивация болды.