Геотермалдық энергия: энергиямен қамтамасыз ету, тікелей жылыту және энергияны сақтау мүмкіндіктері
2022 жылдың 20 маусымында НУ-нің Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебінде Техас Христиан университетінің геология және энергетика департаментінің профессоры Джон Холбрук «Геотермалдық энергия: энергиямен қамтамасыз ету, тікелей жылыту және энергияны сақтау мүмкіндіктері» тақырыбында семинар өткізеді.
Күні: 20.06.2022, дүйсенбі Уақыты: 11:00-12:30 Өтетін орны: 6 блок, 6.105 аудитория
Джон Холбрук – Техас христиан университетінің геология және энергетика департаментінің профессоры. Джон Холбрук қазіргі және ежелгі өзен жүйелері, физикалық стратиграфия саласындағы зерттеулермен айналысады. Сонымен қатар, ол бассейндік су өткізгіштігінің архитектурасын және ағыс арналарының қосылуын, жер бетіндегі үзілістердің механикасын, өзен процестеріне тектоникалық және климаттық әсерлерді зерттейді. Оның зерттеулері мұнай-газ өнеркәсібінде, геотермалдық энергетика саласында және экология мәселелерінде кеңінен қолданылады. Ол Ұлттық ғылым қорының геотермалдық энергетиканы зерттеу жөніндегі жетекшісі.