News

MINEX Орталық Азия бойынша пайдалы қазбаларды өндіру форумы

News_KZ
Назарбаев Университетінің Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебінің студенттері 2018 жылдың 17-19 сәуірінде Астана қаласында өткен 9-шы MINEX Орталық Азия бойынша пайдалы қазбаларды өндіру форумына қатысты. 9-шы MINEX Орталық Азия бойынша пайдалы қазбаларды өндіру форумында конкурстық жарыс екі форматта өтті: "Инновациядан жүзеге асыруға дейін" және "Іскерлік конкурс".

Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі атынан оқытушылармен конкурс нәтижесінде Тау-кен ісі бағдарламасының сегіз магистранты іріктелді. "Инновациядан жүзеге асыруға дейін" конкурстың мақсаты - тау-кен кәсіпорындарында жүзеге асыру үшін инновациялық шешімдер мен технологиялар ойлап табу. Ең үздік презентация үшін бас жүлдені Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебінің бірінші курс магистранты Нұрасыл Батталғазы «Кен орындарында тау-кен жұмыстарын жоспарлау және оңтайландыру үшін геостатистикалық бірлескен симуляция әдісін қолдану» тақырыбы бойынша иеленді. "Іскерлік конкурс" екінші конкурста Назарбаев Университетің командасы, яғни Нұрасыл Батталғазы, Еркежан Мәденова, Мейірхан Жәлел, Әбу Саади Каржау және Ануар Тазабеков, тау-кен компаниялары ұсынған тау-кен инжинирингі саласында тәжірибелік мысалдарды талдау және шешу бағытындағы презентация үшін бірінші орын алды.

MINEX Орталық Азия форумы әр түрлі елдерде пайдалы қазбаларды барлау және өндіру жөніндегі салалық пікірталас алаңын қамтамасыз ететін ірі және беделді халықаралық іс-шараларын бірі ретінде 2010 жылы құрылған. Соңғы сегіз жылда Форум инвестицияларды, технологиялық және бизнес-әріптестікті дамытуда, сондай-ақ үкіметтер, кен өндіру саласындағы компаниялар, қызмет көрсететін, құрал-жабдықтарды өндірушілер және инвесторлар арасындағы халықаралық диалогтың дамуында маңызды рөлге ие болды.