News

Мұнай-газ өнеркәсібінің маманы Бахытгуль Даирова “Бұрғылау технологиясы” жөнінде лекция береді

News_KZ
Бахытгуль Schlumberger компаниясында бұрғылау технологиясы менеджері. Бахытгүл геофизика саласының ғылым бакалаврына және мұнай өндірісінде 12 жылдық тәжірибесіне ие. Бахытгүл өз мансабын 2006 жылы MWD (Бұрғылау кезінде ұңғымалы параметрлерді өлшеу) / көлбеу бұрғылау маманы ретінде бастады. Кейінірек бұрғылау технологиясы орталығына көшкеннен соң, Қазақстан, Әзірбайжан және Өзбекстандағы әртүрлі ұңғымаларды жоспарлау және пайдалану жұмыстарымен айналысты.

Мексика шығанағындағы (АҚШ), Индонезия мен Австралияда бұрғылау технологиясы бойынша Аға Инженер болып жұмыс істеді. Бірнеше елдерде мұндай жұмыстар бұрғылаудың әртүрлі мәселелерімен танысуға мүмкіндік берді: терең су, карст арқылы бұрғылау, айналмасыз бұрғылау, геотермия, теңіздегі бұрғылау (ұңғымалық құбыр кескіш), жаңа технологиялармен орындалатын көлемді жобалар.

1 Қарашада сағат 13:00-де Бахытгүл Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебінің студенттеріне бұрғылау технолгиясы бойынша лекция береді.