News

Тау-кен және жер туралы ғылымдар мектебінің түлегінің ғылыми жұмысы 2021 жылғы SPE Russia and Caspian Student Paper Contest байқауының финалына шықты

News_KZ
Назарбаев Университетінің Тау-кен және жер туралы ғылымдар мектебінің магистратура бағдарламасының түлегінің ғылыми жұмысы 2021 жылғы SPE Russia and Caspian Student Paper Contest байқауының финалына шықты. Тұрар Еркеновтың ғылыми жұмысы «Application of Artificial Intelligence Methods to Predict Asphaltene Removal Efficiency by using Nanoparticles» байқауының Магистр категориясына таңдалды және соңғы кезеңге жіберілді. Тұрар Мұнай инженериясының магистрі бағдарламасын тәмамдаған. Ол өз жұмысын 2021 жылы 15 қазанда онлайн-конференцияның 2-ші күнінде ұсынады. SPE ресейлік мұнай-газ техникалық конференциясы жыл сайын мұнай-газ саласындағы сарапшылар мен мамандарды, соның ішінде операторлар мен сервистік компанияларды, ғылыми-зерттеу институттары мен университеттерді, мемлекеттік органдар мен кәсіби қоғамдық ұйымдарды жинайды.