News

Cтудент ретінде қалай жақсы еңбекақы табуға болады?

News_KZ
Назарбаев Университетіндегі Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебінің (Мектеп) магистранттары Шұбаркөл кен орнының 3D үлгісін әзірлеуде. Бұл үлгі көмір қыртысының шекараларын көрсетеді, сол арқылы сіз кен орны туралы қажетті ақпарат аласыз. Бұл әдіс шынында, көмір қорын бағалаудың заманауи әдістерінің бірі болып табылады. ERG компаниясы Назарбаев Университетінің оқытушылары мен студенттерімен модельді әзірлеу жобасы бойынша байланысқа шықты, себебі мұндай тәсіл тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар шет елдерде де практикалық қолданыста. Мектеп оқушылары Ернияз Абильдин және Нұрасыл Батталғазы магистратура бағдарламасында білім алудың үлкен артықшылығы - ірі компаниялар ұсынатын жобалар екенін айтады, соның арқасында зор тәжірибе, жақсы еңбекақы және болашақ жұмыс берушіні таңдау мүмкіншіліктерінің барын айтты. Ернияз бен Нұрасыл бакалавр дәрежесін Назарбаев Университетінен алған соң, магистратура дәрежесін де осы Университеттен алуға шешім қабылдады, бірақ бұл жолы оқуын жаңа бағдарламада жалғастырды. Осы уақыт ішінде студенттер Австралияда, Орталық Азияда халықаралық конференциялар мен жарыстарға қатысты және әрдайым жүлделі орындарға ие болды. Бірінші курстан кейін "Тау-кен ісі" бағдарламасының студенттері Kazzinc компаниясында тәжірибе жұмысын аяқтады және кейін әрқайсысы жұмыс шақыру ұсынысын алды. Қазіргі кезде мектеп оқушылары ERG және тау-кен өнеркәсібіндегі басқа да компаниялар үшін бірнеше жобаларды жүзеге асыруда.



Мектептің оқытушысы Д-р Насер Мадани Қазақстанның үлкен әлеуетін көргендіктен, Чилиден Астанаға келді. Д-р Маданидің айтуынша, көптеген компаниялар Мектепке осындай жобалар ұсынады, бірақ, өкінішке орай, мектеп оқытушылары мен студенттерді жүктемес үшін барлық жобаларда қатыса алмауын айтты. Мансабыңызды Тау-кен ісінде құруды қаласаңыз, іргелі білімді практикалық тәжірибемен бірге алуды қаласаңыз Назарбаев Университетінің Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебінің бакалавриат және магистратура бағдарламаларына шақырамыз.

Оқу шетел мұғалімдері ағылшын тілінде жүргізеді. Егер сіз қажет емтихандарды сәтті тапсырсаңыз, грант алуға үміткер бола аласыз.

Толығырақ: https://tengrinews.kz/science/kak-zarabatyivat-400-tyisyach-v-mesyats-buduchi-studentom-364877/