News

Студенттердің Шығыс Қазақстанға оқу сапары

News_KZ
Қазіргі уақытта Назарбаев Университетінің Тау-кен және жер туралы ғылымдар мектебінің «Геология» және «Тау-кен ісі» бағдарламалар бойынша оқитын 4 курс студенттері Алтайда (Шығыс Қазақстан облысы) бірлескен оқу сапарында жүр. Олар Катонқарағай аңғарында тау жыныстарының пайда болуын өлшеумен айналысып жүр. Бүгін олар ескі австриялық жолмен гранит пегматиттерін, олардың петрологиясын және минерологиясын Асубұлақ ауылында зерттейді. Осындай оқу сапарларда студенттер нақты геологиялық процестерді байқауға, білімдерді тереңдетуге және практикалық дағдыларды дамытуға мүмкіндік алады.