News

KAZENERGY қауымдастығының төрағасы және Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Болат Ақчулақов Назарбаев Университетінің Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебіне келді

News_KZ
2025 жылғы 2 мамырда Назарбаев Университетінде Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі және KAZENERGY қауымдастығының төрағасы Болат Ақшолақов мырзаны қарсы алу мәртебесі бұйырды. Визит аясында Ақшолақов мырза Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебін (ТІЖҒМ) аралап шықты. Оған мектеп деканы Рэнди Хазлетт пен қауымдастырылған профессор Милован Фустич бірге жүрді.

Делегация ТІЖҒМ-нің заманауи зертханаларымен танысып, ғылыми топтар мен студенттердің маңызды жаңалықтары мен зерттеу жетістіктерін талқылады.

Визиттің басты сәттерінің бірі – қауымдастырылған профессор Милован Фустич пен ассистент профессор Джордж Мэтьюздің және студенттер Назира Кужамратова мен Аружан Дүйсеннің көмегімен өткізген зертханалық демонстрациясы болды. Профессор Фустич Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан алынған жыныстарды пайдалана отырып, антропогендік CO₂-ні несқвехонит пен сидерит тәрізді қатты минералдарға айналдыру бойынша жаңашыл зерттеу жұмыстарын, сондай-ақ көмір мен органикалық қабаттарда CO₂-ні адсорбциялау және геотермалдық әлеуетті бағалау бойынша тұжырымдамаларды таныстырды. Бұл зерттеулер Қазақстанды көміртекті төмендету бойынша жаһандық көшбасшы ретінде көрсетуге үлкен үлес қоса алады.

Сапар барысында Ақшолақов мырзаға CO₂ конверсиясы арқылы алынған минералдың сканерлеуші электронды микроскоп (SEM) көмегімен жасалған бейнесі және 3D-принтермен басылған моделі сыйға тартылды. Бұл сапар геология, мұнай инженериясы және тау-кен ісі арасындағы пәнаралық байланыстың маңыздылығын көрсетті.

KAZENERGY қауымдастығына және Ақшолақов мырзаға келіп, қызығушылық танытқаны және құнды кеңестері үшін алғысымызды білдіреміз.