PetroBowl жарысында SPE командалары салаға қатысты техникалық және техникалық емес сұрақтарға жауап бере отырып, жылдам турларда қарама қарсы шығады.
Назарбаев Университетінің атынан қатысқан клубтың студенттері - «Мұнай және газ ісі» бағдарламасының бірінші курс магистранттары болып табылады. Команда құрамында 5 студенттер, оның ішінде Данияр Бопбеков, Іңкәр Асқарова, Рашид Салимов, Темірлан Сырымов және Алтынай Алмагамбетова.
Жарысқа Каспий маңы елдерінен (Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан және Өзбекстан) 15 команда қатысты. SPE-нің Алматы бөлімі екінші рет студенттерге Petrobowl іріктеу кезеңін өткізді. Ойын тарихында алғаш рет шара онлайн режимінде өтті.
Әр аймақ SPE жыл сайын өткізетін техникалық конференциялары мен көрмелерінде PetroBowl чемпионатына қатысатын бес командаға дейін іріктеп алуы тиіс. Бұл чемпионат 2020 жылдың 5-7 қазанында Денверде (Колорадо, АҚШ) өтеді.
Студенттерімізді осы жетістіктерімен құттықтаймыз!