Сіздерді 30 қазан күні 15:00-ден 16:30-ға дейін 6-блокта, 6.105 аудиториясында өтетін «Хвостохранилищаларды геометаллургиялық модельдеу – бөлшектерге негізделген тәсіл» тақырыбындағы дәріске шақырамыз.
Дәрісті Макс Френцель (Германия, Фрайберг қаласындағы Ресурстар технологиясы бойынша Гельмгольц институты) және оның зерттеу серіктестері Рози Бланнин, Лукас Перейра, Раймон Толосана-Дельгадо және Йенс Гутцмер оқиды.
Аннотация
Ғаламдық тау-кен өнеркәсібі жыл сайын үлкен көлемде шахта қалдықтарын (хвосты) жинақтайды, бұл экологиялық, денсаулық сақтау және геотехникалық қауіптердің артуына әкеліп соғуда. Қалдықтарды қайта өндіру және қайта өңдеу осы мәселені шешудің перспективалы жолы болып табылады, алайда, бұл жұмыстарды тиімді жоспарлау үшін мақсатты материалдардың минералогиясы, бөлшек және түйір өлшемдері, бөлшектердің микроструктурасы, сондай-ақ олардың кеңістікте таралуы сияқты нақты мәліметтерге негізделген жоспар жасау қажет.
Көптеген шахталар қалдықтар ағыны туралы мәліметтерді үнемі жинап отырса да, бұл мәліметтер негізінен жалпы химиялық құрамға, тығыздыққа және бөлшектер өлшемдерінің таралуына бағытталған, бірақ минералогия және бөлшектердің микроструктурасы назардан тыс қалады. Сонымен қатар, қалдықтарды шоғырландыру процестері олардың кеңістіктік сегрегациясына әкеліп соғады, бұл қоймалардағы нақты материалдардың таралуын болжауға қиындық тудырады. Ауа райының әсерінен де кейбір қасиеттер өзгеріске ұшырауы мүмкін.
Осы себепті, қалдықтарды қайта өндіру және қайта өңдеу операцияларын жоспарламас бұрын, қалдықтардың үлгілерін алып, оларды егжей-тегжейлі сипаттау қажет. Алынған ақпарат кейін жоспарланған операциялардағы материалдардың мінез-құлқын болжауға бейімделуі керек. Бұл дәріс қазіргі заманғы әдістер мен құралдар туралы жалпы шолу жасайды, сондай-ақ осы саладағы болашақ даму мүмкіндіктерін талқылайды.
Дәріс оқитын маман:
Макс Френцель, Ресурстар технологиясы бойынша Гельмгольц институты, Фрайберг, Германия
Байланыс: m.frenzel@hzdr.de
Кен өндіру және ресурстарды басқарудың болашағына әсер ететін маңызды тақырып бойынша құнды білім алуға мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!