News

Шеврон стипендиясы туралы хабарландыру!

News_KZ
Шеврон стипендиясы туралы хабарландыру!

Назарбаев Университеті Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі, «Шеврон», «Теңізшевройл» және Колорадо тау-кен ісі мектебімен бірлесіп әзірленген жаңа - Шеврон стипендиясына оқуға түсуге онлайн өтімдерді қабылдаудың ашылғандығын хабарлайды!

Бұл стипендия санаты келесі талаптарға сай келетін үміткерлер үшін қолжетімді:

  • Қазақстан Республикасының азаматы болу;
  • Геология , Жер туралы ғылымдар және/немесе мұнай -газ ісі мамандықтары бойынша бакалавр дәрежесіне ие болу немесе бакалавриаттың соңғы курсында болу;
  • Ағылшын тілін меңгеру деңгейі (IELTS/TOEFL) және академиялық үлгерімі (CGPA) бойынша НУ Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі магистратура бағдарламаларына түсу талаптарын қанағаттандыру.

Қабылданған студенттер 2023 жылғы мамыр айының ортасынан бастап және жазғы мерзімде жалғасатын далалық сапарларға қатысады деп күтілуде.

Шеврон стипендиясы туралы қосымша ақпаратты Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебінен хабарласып білсеңіздер болады: graduate.smg@nu.edu.kz, +7 (7172)70-94-19



Шеврон стипендиясына онлайн өтінім берудің соңғы мерзімі - 2023 жылғы 6 наурызды қоса алғанда (23:59 Астана уақыты бойынша).

Онлайн өтінім беру үшін, келесі қадамдарды орындауы қажет:

  1. www.admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп, Жеке кабинет ашу;
  2. Мұнай-газ ісі саласындағы ғылым магистрі бағдарламасына сауалнама нысанасын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмесін жүктеу;
  3. Тіркелу жарнасын төлеу (тіркелу жарнасының сомасы қайтарылмайды). Тіркелу жарнасы онлайн/интернет транзакция жасауға арналған төлеу банк картасы арқылы Жеке кабинетте «My Application Forms» бөлімінде төленеді;
  4. «Submit application»батырмасын басу арқылы тіркелуді аяқтау. Тіркелгеннен соң өтінім нысанына өзгерістер енгізілмейді;
  5. Жеке кабинеттегі нұсқауларға сәйкес электронды IELTS/TOEFL нәтижелерін тікелей Тест әкімшісінен және сертификаттың сканерленген көшірмесін Жеке кабинеттегі («Upload IELTS/TOEFL results» бөліміндегі) функционал арқылы ұсыну.

  • IELTS (IELTSOnline тестінен басқа) тапсыру үшін код: NazarbayevUniversity
  • TOEFLiBT (TOEFLHomeEdition тестінен басқа) тапсыру үшін код: 6762

Келесі қадамдар:

Студенттерді оқуға қабылдау департаментінен жіберілетін ақпаратты электрондық поштаңыздан тексеруіңіз қажет, ал өтініміңіздің жағдайын білу үшін Жеке кабинетіңізді тексеруіңіз қажет. Тіркеу кезінде немесе онлайн өтінімге қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, admissions.smg@nu.edu.kz электрондық поштасына хат жіберуіңізге болады. Хатта ЖСН мен әрбір үміткерге берілетін Жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.