News

Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебінің түлегінің мақаласы ғылыми журналда жарияланды

News_KZ
Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебінің 2021 жылғы түлегі Сұлтан Әбілқайыр Назарбаев Университетінің Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебінің Ассистент профессоры Насер Маданидің жетекшілігімен ғылыми журналда үшінші мақаласын жариялады. «Көмір қабаттарындағы темірді екі нүктелі және көп нүктелі геостатистиканы қолдану арқылы стохастикалық модельдеу: жағдайды зерттеу» атты мақала 15 000-ға жуық мүшесі бар халықаралық тау-кен қауымдастығының жетекші журналы болып табылатын Mining, Metallurgy & Exploration журналында жарияланды. Бұл жұмыста көмір қабаттарының геологиялық домен ретінде модельдеу үшін көп нүктелік статистиканы қолдану ұсынылады. Алынған мәліметтер қабаттық құрылымдардың ұзақ мерзімді байланысын жаңғыртуда ұсынылған әдістің тиімділігін көрсетеді. Сұлтан Әбілқайыр магистратурада оқыған кезде доктор Насер Маданидің ғылыми-зерттеу тобында ғылыми көмекші ретінде болып жұмыс істеді. Қазіргі кезде Сұлтан Австралияның Аделаида университетінде PhD бағдарлама бойынша оқуды жалғастырып келе жатыр.

Қосымша ақпаратты алу үшінб сілтемені басыныз https://doi.org/10.1007/s42461-022-00586-0