News

«Алтын Гефест» ұлттық салалық сыйлығы

News_KZ
2018 жылдың 19-шы маусым күні, Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебінің магистратура студенті, Нұрасыл Батталғазы ұлттық салалық “Алтын Гефест” конкурсының ең үздік тау-кен ісінің студенті атағына ие болды.

«Алтын Гефест» ұлттық салалық сыйлығы жыл сайын өнеркәсіптік кәсіпқойларға, компаниялар мен жобаларға, студенттерге, сондай-ақ Қазақстандық тау-кен металлургия өнеркәсібін дамытуда жауапкершілікті, кәсіпқойлықты және инновациялық рухты сезіне бөлісетін журналистер мен мұғалімдерге беріледі.

Конкурсқа тау-кен-металлургия кешенінің қызметкерлері мен компаниялары, сондай-ақ Қазақстанның тау-кен және металлургия саласындағы ғылыми жобалар, білім беру мекемелері мен кәсіпорындарының мамандарының үздік атағына үміткерлер қатыса алады.

Байқаудың мақсаты MMC секторындағы компаниялар мен мамандардың жетістіктерін тану, сондай-ақ мамандардың мәртебесі мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату және олардың кәсіби дағдыларын үздіксіз дамытуға ынталандыру болып табылады.



Нұрасыл неге тау-кен инженерлік бағдарламасын таңдады және жеткен жетістігіне байланысты сезімі қандай?

Азаматтық құрылыс саласындағы бакалавр дәрежесін алғаннан кейін басқа инженерлік пәндер туралы көбірек білгім келді. Бақытыма орай, бакалавр дәрежесін тамамдап жатқанда, тау-кен және жер туралы ғылымдар мектебі ашылып жатты. Сұхбаттан сәтті өтіп, тау-кен инженерлер қоғамына таңдалдым. Айта кетерлік, барлық профессорлар өз саласының мықты мамандары, өз саласында көптеген зерттеулер жүргізген және сол салада үлкен тәжірибелері бар. Олардың көбісімен сұхбаттасқаннан кейін, тау-кен өндіру секторы қазірдің өзінде еліміздің экономикасының құрылымында жетекші орынға ие болса да, Қазақстандағы тау-кен өнеркәсібі қатты дамып келе жатқанын түсіндім. Қазіргі уақытта кен өндіру өнеркәсібі ЖІӨ-нің 7 пайызын және еліміздің өнеркәсіптік өндірісі мен экспортының 23 пайызын құрайды. Сонымен қатар, сарапшылардың пікірінше, Қазақстанның тау-кен өнеркәсібіндегі заңнамадағы өзгерістерге байланысты көптеген жаңа инвесторлар тартылатын болады. Еске сала кетейін, өткен жылы елде жер қойнауын пайдалану туралы Кодекс жаңартылды және ол өнеркәсіптік реттеу саласындағы халықаралық тәжірибеге сай жазылған. Жоғарыда айтылған фактілер мен тау-кен өнеркәсібі туралы көбірек білуге ынталандыратын профессорларға байланысты және өзімнің ынтама байланысты тау-кен бағдарламасын магистратура бағдарламасы ретінде таңдадым. “Altyntau”-да (KAZZINC) өтіп жатқан тағылымдамам менің дұрыс жолда екеніме көбірек сенім берді. Сондықтан, мен сізге Тау-кен инженерлік бағдарламасын таңдауға кеңес бергім келеді. Өйткені біздің мектептегі дайындалып жатқан мамандар еліміздің тау-кен кәсіпорындары ең озық әлемдік тәжірибені енгізу арқылы заманауи және жоғары тиімді тау-кен технологиясына көшуіне орай сұранысқа өте ие. Мысалы, CRIRSCO минералдық ресурстары бойынша есеп берудің халықаралық стандарттарына көшуіне байланысты Қазақстанға осы халықаралық тәжірибенің негіздерін еркін меңгеретін жаңа мамандар қажет. Біздің мектепте оқитын студенттердің басты артықшылығы – бүкіл әлемде кәсіби және жалпыға танылған білім. Сонымен қатар, сіздің тау-кен өнеркәсібімен байланысты түрлі жобаларға қатысуыңызға мүмкіндігіңіз бар. Мысалыға, мен доктор Насер Маданидің жетекшілігімен «Кешенді корреляциялық сипаттамалары бар геометаллургиялық айнымалылардың көп өлшемді карталарын жасау» зерттеу жобасына қатысудамын. Жобаның негізгі мақсаты – зерттеу жобасын жүзеге асыруға үлес қосу. Осылайша, тау-кен өндіру саласындағы магистратура – ол тек білім ғана емес, ол тау-кен өндіріс саласын дамыту үшін көптеген мүмкіншіліктер ашады. Ал Қазақстандық тау-кен ошақтары жас, білімді ашық мамандарға өте мұқтаж, себебі ол кешендер жетілдірілуі керек. Жақында тау-кен металлургия өнеркәсібіндегі ең маңызды оқиға болып табылатын 25-ші Дүниежүзілік Тау Конгресіне (ДТК) қатыстық. ДТК пайдалы қазбаларды өндіру саласында жұмыс істейтін әртүрлі елдердің сарапшылары мен ғалымдарын біріктіреді. Конгрестің қарқынды іскерлік бағдарламасына және басқа да тақырыптық іс-шаралардан басқа, тау-кен металлургиялық кешенінің қызметкерлері мен кәсіпорындарының арасында өткен «Алтын Гефест» конкурсының жеңімпазын жариялау және ресми түрде марапаттау рәсімі 2018 жылы 9-шы рет өткізілді. Жылдың үздік диссертациясы үшін Алтын Гефестті жеңіп алған кезімде қатты таң қалдым. Бұл менің еңбегім ғана емес, сонымен қатар біздің Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебінің профессорлары мен әкімшілік қызметкерлерінің еңбегі. Доктор Насер Маданидің қадағалауы, ынталандыруы мен қолдауы үшін ерекше алғысымызды білдіреміз.