News

Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебінің қауымдастырылған профессоры Пейман Пурафшари халықаралық онлайн конференцияда «Үздік инновациялық технология» номинациясының женімпазы болып атанды

News_KZ
2021 жылы 19 қарашада «Мұнай-газ саласындағы инновациялық технологиялар. Іске асыру тәжірибесі және даму перспективалары» атты халықаралық конференция өтті. Конференцияның басты мақсаты мұнай және газ саласында инновациялық технологияларды және өндірістік процестерін цифрландыру саласындағы тәжірибе алмасу және талқылау болды. Конференцияға ғылыми-зерттеу институттарының және жоғары оқу орындарының өкілдері, жер қойнауын пайдаланушылар, ғалымдар мен мұнай-газ саласында инновациялық технологиялармен айналысатын қазақстандық және шетелдік кәсіпкерлер қатысты.

Назарбаев Университетінің Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебінің қауымдастырылған профессоры Пейман Пурафшари баяндама жасап, Халықаралық онлайн-конференцияның «Үздік инновациялық технология» номинациясының жеңімпазы атанды.

Пейман Пурафшариді шын жүректен құттықтаймыз!