News

SMG Open Talk

News_KZ
Құрметті Назарбаев Университетінің қауымдастығы!

Назарбаев Университетінің Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебі Назарбаев Университетінің қауымдастығы арасында білім мен идеялармен алмасу үшін SMG Open Talk семинарларының сериясын бастады. Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебі геология, тау-кен инжиниринг және мұнай-газ сияқты пәндер бойынша дәрістер оқиды. SMG Open Talk семинарлары НУ-нің қауымдастығының барлық мүшелері үшін ашық. Біздің спикерлер кез келген тақырыпты түсіндіреді және геология, тау-кен инжиниринг және мұнай-газ сияқты пәндерден бейхабар адамдарға түсініксіз сөздер мен терминдерді анықтайды.

Келесі SMG Open Talk семинары 2022 жылдың 16 қыркүйегінде өтеді.

Семинар туралы

Тақырыбы: «Геостатистика: қоршаған орта құбылыстарын модельдеу және түсіндіру құралы»

Геостатистика статистикалық әдістерді пайдалана отырып, табиғат құбылыстарының кеңістіктік және уақыттық өзгерістерін түсіндіруге мүмкіндік береді. Бұл әдіс табиғи құбылыстарды модельдеу үшін статистика мен математикалық формулаларды геологиямен біріктіреді. Семинар барысында біз ғылымның осы жаңа саласы үшін ағымдағы тенденциялар мен болашақтағы ықтимал қиындықтарды талқылаймыз.

Спикер туралы

Доктор Насер Мадани – НУ-нің Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебінің қауымдастырылған профессор. Доктор Мадани геостатистика және минералдық ресурстарды бағалау бойынша пәндерден сабақ береді және зерттеулер жүргізеді. Доктор Мадани MATLAB және Python сияқты бағдарламалау тілдерінде геостатистикалық алгоритмдерді әзірлеуде. Оның ғылыми қызығушылықтары – геостатистика, деректерді талдау және машиналық оқыту.