News

Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі ERG-дің ғылыми-зерттеу және инжиниринг орталығы ЖШС тау-кен жобасы бойынша келісімге келді

News_KZ
Назарбаев Университетінің тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі Nazarbayev University Research and Innovation System (NURIS) бірлесіп ERG-дің ғылыми-зерттеу және инжиниринг орталығының тау-кен жобасы бойынша келісімге келді. Жобаның атауы «Шұбаркөл кен орнындағы көмірінде темір бөлінуінің блоктық моделін құру және геостатистикалық бағалау мен талдау жүргізу»

Бұл жобаның негізгі қатысушылары - д-р Насер Мадани (бас зерттеуші), д-р Лоран Ришар (Co-Investigator) және тау-кен ісі департаментінің ғылыми көмекшілер ретіндегі екі студенті. Бұл жобаның идеясы Қарағанды облысында орналасқан Шұбаркөл кен орнындағы көмірде темірдің бөлінуін бағалау және талдауды қамтиды. Жобаның нәтижесі тау-кен жұмыстарын жоспарлауды және экономикалық факторларды одан әрі талдау үшін қолданылуы мүмкін.