2022 жылының 22 қыркүйекте Назарбаев Университетінің Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебі Акита Унивеситетімен (Жапония) бірлесіп, Орталық Азиядағы Ресурстану және ресурстардың тұрақты дамуы бойынша халықаралық семинар ұйымдастырды. Семинар табиғи ресурстарды пайдалану және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу үшін Орталық Азиядағы тұрақты даму және ресурстарды басқару қызметі туралы ақпарат беруге бағытталған. Семинарға шақырылған баяндамашылар ретінде Қазақстан, Өзбекстан, Моңғолия, Қырғызстан, Орталық Азия елдері және Жапония сияқты елдердің ғалымдары қатысады. Семинарда геология, пайдалы қазбаларды барлау, ақылды тау-кен өндіру, металлургия және қоршаған орта сияқты ғылыми салалардағы мәселелер де талқыланды.