News

Шетелдік студенттер НУ-нің ТІЖҒМ туралы

News_KZ
1-ші курс PhD студенті Мәриям Шакил Study International басылымына Назарбаев университетінде оқығаны туралы айтып берді. Мәриям Шакил 2019 жылы Назарбаев Университетінің Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебіне мұнай және газ саласындағы инжиниринг мамандығы бойынша магистратураға оқуға түсті. 2021 жылы оқуын аяқтап, үздік дипломға ие болған Мәриям Шакил оқуын жалғастыруды ұйғарып, НУ-нің Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебінің докторантурасына құжат тапсырды. Қазіргі уақытта Мәриям PhD студенті болып, сонымен қатар НУ-нің Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебінің мұнай және газ инжиниринг департаментінің ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді.

Мәриям туралы көбірек білу үшін Study International-дың мақаласын оқыңыз.