News

Назарбаев Университеті жас геологтардың II Республикалық олимпиадасына қатысушыларды дайындауға қолдау көрсетті

News_KZ
2025 жылдың 4–5 маусым күндері Назарбаев Университетінің Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі «Жас геолог – 2025» II Республикалық далалық олимпиадасына дайындық аясында академиялық қолдау көрсетті. Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің сұранысы бойынша, университет профессорлары мектеп оқушыларына арналған тегін дәрістерді Назарбаев Университеті базасында өткізді.

Оқу-жаттығу жиынына Қазақстанның әр аймағынан келген 60-тан астам оқушы қатысты. Олардың қатарында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, Астанадағы мамандандырылған «Зерде» лицейінің, сондай-ақ басқа да жалпы білім беретін мектептердің оқушылары болды.
Назарбаев Университетінің профессорлары келесі тақырыптарда дәріс оқыды:

4 маусым:

  • 09:00–10:20 — Ассистент профессор George Mathews: Минералогия
  • 10:30–11:50 — Ассистент профессор Kamal R. Regmi: Геологиялық қауіптер мен қоршаған орта
  • 12:00–13:00 — Ассистент профессор George Mathews: Магмалық петрология

5 маусым:

  • 14:00–15:20 — Ассистент профессор Jovid Aminov: Жартасты жерлерді далалық жағдайда құжаттау және шөгінді құрылымдарды картаға түсіру
  • 15:30–16:50 — Ассистент профессор George Mathews: Метаморфтық петрология

Дәрістер барысында оқушылар геологиялық құрылымдарды картаға түсіру, далалық зерттеулер жүргізу, қауіптерді бағалау және пайдалы қазбаларды талдау бойынша тәжірибелік білім алды.

Жиынның жабылу салтанаты 7 маусымда НИШ ФМН мектебінде өтті. Қатысушыларға сертификаттар мен алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар, барлық спикерлерге, лекторларға және ұйымдастырушыларға алғыс білдірілді. Шара аясында «УТС 2025 – қатысушылардың көзімен» атты бейнеролик көрсетіліп, ұлттық билер мен әндер кештің сәнін келтірді.

Назарбаев Университетінің Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі осындай бастамаларды қолдай отырып, академиялық ғылым мен мектеп білімінің арасындағы байланысты нығайтуға және жас зерттеушілер буынын шабыттандыруға ниетті.