News

Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектеп студентінің мақаласы Minerals атты журналда жарияланды

News_KZ
Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебінің (ТІЖҒМ) "тау-кен ісі саласындағы ғылым магистр" бағдарламасының студенті Ернияз Әбілдиннің және ТІЖҒМ-нің ассистент-профессоры Д-р Нассер Маданидің жетекшілігімен жазылған«A Hybrid Approach for Joint Simulation of Geometallurgical Variables with Inequality Constraint» атты мақала жоғары халықаралық деңгейі бар Minerals атты журналда жарияланды. Журналдың әсер ету коэффициенті 1.835 болып табылады, ал Web of Science есебіне негізделетін болсақ "Тау-кен және минералды өңдеу" санатында Q2 деп жіктеледі. Осы мақаланың негізгі идеясы мыс кен орындарындағы геометаллургиялық салаларды анықтау үшін геостатистикалық тәсілдерді енгізу болып табылады, ол тау-кен жұмыстарын жоспарлау және минералды шикізатты қайта өңдеу сияқты кейінгі талдау үшін қолданылады. Бұл мақала Geometallurgy Арнайы Шығарылымына тиесілі.

Қосымша ақпарат алу үшін сілтемеге өтіңіз.