News

Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебінің студенттері ғылыми зерттеулердің нәтижесін APCOM 2021 конференциясында ұсынды

2021-09-06 16:38 News_KZ
APCOM 2021 конференциясы 2021 жылғы 30 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Оңтүстік Африка Республикасының Йоханнесбург қаласында онлайн форматта өтті. APCOM 1960 жылдардың басында басталған жоғары деңгейдегі халықаралық ғылыми конференциялардың бірі. APCOM конференциясының мақсаты тау-кен өнеркәсібінде компьютерлер мен жедел зерттеулерді қолдану. Конференцияда тау-кен өнеркәсібіне қатысты барлық саладағы инженерлер мен бағдарламашылардың технологиялық жетістіктері талқыланады. Биыл конференцияға Назарбаев Университетінің Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебінің студенттері Ілияс Оңғарбаев пен Сұлтан Әбілқайыр қатысты. Олар Назарбаев Университетінің Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебінің оқытушысы, доктор Насер Маданидің жетекшілігімен алынған диссертациялық жұмысы аясында ғылыми зерттеулердің екі нәтижесін ұсынды. Ілияс Тау-кен инжинириг мамандығының магистрлік бағдарламасының 2 курс студенті, ал Сұлтан 2021 жылы Тау-кен инжинириг мамандығының магистрлік бағдарламасының түлегі. Екеуі де минералды шикізаттың орналасуын модельдеуді жақсарту үшін геостатистикалық алгоритмдерді әзірлеуге жұмыс жасады. Олар бұл конференцияға жазған мақалалары тәуелсіз сараптамалық тексеруден өтті және конференция материалдарында жарияланды:

  1. Organbayev, I., Madani, N. (2021). “Implicit modelling of geological domains by support vector machine: Tuning the parameters based on consistency of the indicator variogram”. In the proceeding of the APCOM 2021. Musingwini, C. Woodhall, M (eds.), Johannesburg, South Africa, p. 425-436.
  2. Abulkhair, S., Madani, N. (2021). “Mineral resource modeling of variables with inequality constraints: A case study of an iron ore deposit”. In the proceeding of the APCOM 2021. Musingwini, C. Woodhall, M (eds.), Johannesburg, South Africa, p. 449-458.

Ілияс пен Сұлтанды, сондай -ақ Назарбаев Университетінің Тау -кен және жер туралы ғылымдар мектебін құттықтаймыз!