News

SMG Open Talk

News_KZ
Құрметті Назарбаев Университетінің қауымдастығы!

Назарбаев Университетінің Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебі Назарбаев Университетінің қауымдастығы арасында білім мен идеялармен алмасу үшін SMG Open Talk семинарларының сериясын бастады. Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебі геология, тау-кен инжиниринг және мұнай-газ сияқты пәндер бойынша дәрістер оқиды. SMG Open Talk семинарлары НУ-нің қауымдастығының барлық мүшелері үшін ашық. Біздің спикерлер кез келген тақырыпты түсіндіреді және геология, тау-кен инжиниринг және мұнай-газ сияқты пәндерден бейхабар адамдарға түсініксіз сөздер мен терминдерді анықтайды.

Келесі SMG Open Talk семинардың спикері НУ-нің Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебінің қауымдастырылған профессор Чанг Хонг Гао. Оның баяндамасы «Микробтар мен полимерлер: лабораториядан кен орынға» тақырыбына арналады.

Чан Хонг Гао НУ-нің Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебінің қауымдастырылған профессоры. Доктор Чан Хонг Гао Назарбаев Университетіне дейін Біріккен Араб Әмірліктерінің университетінде, Абердин университетінде және Рас-әл-Хаймадағы Америка университетінде сабақ берді. Сонымен қатар, ол Sinopec және Haike Group сияқты өнеркәсіптік компанияларда инженер болып жұмыс істеген.

Өтетін күні: 30.09.2022

Орны: 6-ші блок, 6.105